Технология • 15 Қыркүйек, 2020

Индустрия 4.0 тақырыбы бойынша оқытылады

239 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Fraunhofer IPA Өнеркәсіптік инженерия және автоматтандыру институтымен бірлесіп 2020 жылғы 23 қыркүйек мен 5 қараша аралығында өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері үшін Индустрия 4.0 тақырыбы бойынша оқыту өткізеді.

Индустрия 4.0 тақырыбы бойынша оқытылады

Іс-шараның негізгі мақсаты – Индустрия 4.0 элементтерін пайдаланатын кәсіпорындардың үлесін арттыруға жәрдемдесу және олардың құзыретін арттыру.

Индустриялық даму және өнер­кәсіптік қауіпсіздік коми­те­тінің төрағасы Марат Қар­а­баевтың айтуынша, аталған шара Германияның Fraunhofer IPA Өнеркәсіптік инженерия және автоматтандыру институты­мен ынтымақтастықтың жалғасы болып табылады.

«Неміс институтының үлкен тәжірибесі кәсіпорын­дары­мыз­дың өндірістік әлеуетін жаңа қырынан көруге мүмкіндік бере­ді және Қазақстанның тех­нологиялық дамуына серпін беруі тиіс», деді М.Қарабаев.

«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орта­лығы» АҚ өнеркәсіптік кәсіп­орындарды цифрландыру бойын­ша жүйелі жұмысты 2017 жыл­дан бері жүргізуде. Бұған дейін Fraunhofer IPA көмегімен жұмыс істеп тұрған қанатқақты кәсіп­орындар базасында цифрлық фабрикалар құрылған болатын. Бұл – жалпы құны 13 млрд теңгеден астам инвестицияны, оның ішінде 0,6 млрд теңге мемлекеттік қолдау қаражатын құрайтын 51 жобаны жүзеге асырушы 7 қазақстандық кәсіпорын. Іске асырылған жобалардың қоры­тындысы бойынша кәсіп­орындар еңбек өнімділігін 25%-ға, ресурс тиімділігін 18%-ға, жабдықтың қызмет ету мер­зімін 5%-ға ұзартып, өндірістік шы­ғы­н­дарды 20%-ға, еңбек шы­ғындарын 30%-ға және энергия шығындарын 35%-ға төмендетті.

«Индустрия 4.0 тақырыбын­да оқыту – бұл отандық кәсіп­­орын­дар өндірісін цифрлы жаң­­ғыр­ту үшін жасалған тағы бір қадам. Оқуға қатысу үшін 22 қыр­күйекке дейін тіркелуге болады. Біз еліміздің барлық өнеркәсіп­тік кәсіпорындарын осы ауқым­ды жобаға белсенді қатысу­ға ша­қы­рамыз», деп атап өтті «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Мұқанов.

Вебинарлар ZOOM онлайн платформасында төрт модуль бойынша өткізіледі: кіріспе және бизнес инновациялары, сан­дық өндірісті бақылау, кибер-фи­зи­калық жүйелер, деректер негі­зін­де өндірісті оңтайландыру және ақылды қызмет көрсету.