Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2020

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстер қайта іске қосылды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстер "Эйр Астана" әуе компаниясымен Алматы – Бішкек бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен жүзеге асырылады (сейсенбі, жексенбі), деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстер қайта іске қосылды

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 3 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) картасына сәйкес 2020 жылғы 20 қыркүйектен бастап Қырғызстанға халықаралық рейстер қайта жаңартылады.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстер "Эйр Астана" әуе компаниясымен Алматы – Бішкек бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен жүзеге асырылады (сейсенбі, жексенбі).

Рейстер санитарлық-эпидемиялық талаптарды (термометрия, әлеуметтік дистанция, бетперде режімі және т.б.) қатаң сақтай отырып орындалатын болады.