Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2020

Атырауда тұмауға қарсы салынатын 60 мың вакцина бар

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Атырауда тұмауға қарсы 60 мың вакцина бар. Вакцина Ресейден әкелінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда тұмауға қарсы салынатын 60 мың вакцина бар

№1 Атырау қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары  Айнагүл Шаумованың ақпаратына қарағанда, тегін вакцинаны алуға жасы алты айдан асқан балаларға, жүкті әйелдерге, медициналық қызметкерлерге мен созылмалы сырқатымен диспансерлік есепте тұрған науқастарға, жасы 60-тан асқан егде адамдарға салу жоспарланып отыр.

"Бүгін осы санатқа жататындарға тұмауға қарсы вакцинаны салу басталды. Ал, мекемелер тарапынан екпені ақылы түрде алу үшін өтінішті жергілікті емханалар арқылы беруге болады. Тұмауға қарсы салынатын вакцина Ресейден шығарылған. "Гриппол+" деп аталатын вакцинаны өткен жылдан бері қолданып келеміз. Вакцина құрамы қарапайым, тұмаудың А(H3N2), А(H1N1) және В қарсы антигені ғана бар. Сондықтан, екпені қорықпай алуға болады",  - дейді  Айнагүл Шаумова.