Атырауда қауіпті індеттің ошағы туралы дерек жоқ. Дегенмен жақында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Асылбек Шаровтың қаулысымен шектеу шаралары 28 қыркүйекке дейін созылды. Мұндай шектеу шарасы 15 наурыздан бері жалғасып келеді. Себеп – тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес шектеу шаралары жеңілдетіліп, кәсіпкерлік нысандардың жұмыс істеуіне, қоғамдық көліктің қатынауына рұқсат берілді. Бірақ күшейтілген кәсіпкерлік, өзге де салалардың нысандарына санитарлық-дезинфекциялық режім талабын сақтау жүктелді. Солай десек те бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мәліметіне сүйенсек, 28 наурыздан 9 қыркүйекке дейін 10 975 жағдай тіркелді. Оның ішінде індет белгілері жоқ – 7 685, коронавирус белгілерімен 3 290 науқас тіркелді. Жазылып шыққандар саны – 10 876 адам. Науқастардың 5 230-ы Атырау қаласында байқалса, Индер ауданында 341, Махамбетте – 231, Құрманғазыда – 166, Мақатта – 281, Қызылқоғада – 426, Исатайда – 245, Жылыой ауданында 4 055 жағдай анықталды. Ал Теңіз кен орнынан – 2 984, Құлсары қаласынан 1 071 жағдай белгілі болды. Ал кеше, 15 қыркүйекте қауіпті індетке шалдыққандар саны 11 015 адамға жетті. Демек, шектеу шараларын толығымен алып тастап, арқаны кеңге салудың реті жоқ екені аңғарылып отыр.
Теңіз кен орны демекші, мұндағы қызметкерлердің денсаулығын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар жалғасып келеді. «Теңізшевройл» ЖШС үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтің айтуынша, қызметкерлер арасында вирус жұқтыру жағдайын анықтау мақсатында оларды уақтылы оқшаулау, ықтимал қарым-қатынаста болғандарды анықтау үшін ПТР сынамасы алынады. «Теңізшевройл» тарапынан жүргізілген ПТР сынамаларының саны 73 мыңнан асты. Мәселен, 7 қыркүйекке дейін Теңіз кен орнындағы қызметкерлер арасында қауіпті індетті жұқтырудың 4 147 жағдайы тіркеліп, олардың арасынан 2 295 адам емделіп шықты. Ал тестілеу қорытындысы оң нәтиже бергендердің негізгі бөлігі Теңіз кен орнына вахталық кесте бойынша бара жатқан қызметкерлерден тұрғылықты жерінен ПТР сынамасын алу кезінде анықталған.
– Пандемия басталғалы бері компанияда санитарлық талаптар толықтай сақталуда. Жұмысшылардың вахтаға бару, үйіне оралуы кезінде ПТР сынамасы міндетті түрде алынады. Қазір Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда коронавирус симптомымен 35 науқас ем алуда. Пневмонияны жұқтырғандар жоқ, – дейді Р.Артығалиев.
Бас менеджердің пікіріне сүйенсек, кен орнында пандемия басталған сәтте 45 мың адам жұмыс істеген. Сәуір айында коронавирус таралуының алдын алу мен жұмысшылардың қауіпсіздігін сақтау мақсаты, сондай-ақ өндірістің тоқтап қалмауы үшін бірінші қажеттіліктегі емес жұмысқа тартылған 27 мың қызметкер Теңіз кен орнынан шығарылды. Содан кейін кеніште «таза» және «лас» аймақтар жасақталып, тамыз айында 17 мыңнан астам адам вахталық жұмысқа қайтадан жұмылдырылды. Олар арнайы ПТР тесттен өткізіледі. Эпидемиялық жағдай әбден тұрақтанған соң 45 мыңнан астам адам Теңіз кенішіндегі жұмысына қайта кіріседі. Бірақ мұның жаңа жылдан кейін іске асатыны күтіліп отыр. Жұмысшыларды қысқарту болмайды.
Атырау облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Асылбек Шаровтың айтуынша, кыркүйектің екінші жартысынан тұмаудың эпидемиялық маусымы басталады. Бұл қысқа мерзімдік емес, келесі жылғы мамырға дейін созылады. Тұмау ауруының алғашқы кезеңі өте жедел өтеді.
– Жасырын инкубация мезгілі бір-екі күнге созылып, адамның қызуы жоғарылайды. Тұмауға шалдыққан адам тоңған сияқты болып, басы ауырады. Бір мезгілде адамда әлсіздік, ағзасында дел-салдық пайда болып, басы айналады. Бұлшық еттері ауырады, құлағы шулайды. Мұрыннан жиі су ағу байқалады, тамағы қырып жұтындырмайды. Құрғақ қатты жөтел пайда болады. Тұмаудың алғашқы белгілері біліне бастаған кезде ауру адам оқшауланып, көпшілік жиналатын орынға бармауы керек. Жақынына жанашыр болуды ойлаған әр тұрғын осы шектеулерді сақтаса ғана қауіпті індеттің тіркелуі тоқтайды, – дейді А.Шаров.
Оның айтуынша, ауруды алдын алудың бірден-бір жолы – тұмауға қарсы екпе алу. Оны күзде бастаудың тиімділігі зор. Сол себептен Атырау облысына биыл тұмауға қарсы 60 мың дана екпе жеткізілді. Сатып алынған вакцинаны тегін алатындардың тізбесі түзілген. Оған медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға алынған балалар, алты айдан асқан көп ауыратын балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары мен сәбилер үйлерінің тәрбиеленушілері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметін алушылар, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер, жүрек-қан тамыр жүйесінің, тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруына шалдыққандар жатады.
Жақында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров Құрманғазы ауданына арнайы дәрігерлер бригадасын ертіп барды. Бригада құрамында невропатолог, хирург-ортопед, ЛОР, кардиолог, окулист, фтизиатрлар бар. Олар аудан аумағындағы бірнеше елді мекенде 358 адамды қабылдап, медициналық кеңес берді. Медицина қызметкерлерімен кездесуде пандемиямен күреске жұмылдырылған медицина мамандарына үстемеақы, өтемақы төлеу мәселесіне, автокөлікпен қамту, коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жайы кеңірек талқыланды.
– Қазір аудандық орталық ауруханада оттегі стансасы салынып жатыр. Стансада оттегінің үздіксіз өндірілуі қамтамасыз етіледі. Бұл оттегі баллондарын тасымалдауды жою үшін қолға алынды. Қазір аудандағы денсаулық сақтау мекемелерінде жеке қорғаныш заттары, дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Азғыр ауылындағы дәрігерлік пунктке үш оттегі концентраторын әкеліп бердік, – дейді басқарма басшысы Н.Қабдықапаров.
Атырау облысы
17-19 сәуірдегі ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 13:43
Қазақстан Ұлттық Банкі мен ХВҚ екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Экономика • Бүгін, 13:28
Қазақстанда 12 градусқа дейін аяз болады
• Бүгін, 13:00
Бақылаудағы тарих: Біз одан арыла алдық па?
Тарих • Бүгін, 12:45
Мемлекет басшысы ақын Есенғали Раушановтың отбасына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 12:43
Солтүстік Қазақстанда орман өртімен күресетін мекемелердің дайындығы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді
Елорда • Бүгін, 12:25
Арнайы өкіл: Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіру үшін өңірлік ынтымақ керек
Әлем • Бүгін, 12:10
«Nur Otan»-да 600 жас депутаттан тұратын корпус құрылды
Қоғам • Бүгін, 12:06
Президенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі
Президент • Бүгін, 11:59
Астық егу науқаны мамыр айының ортасында басталады
Қоғам • Бүгін, 11:44
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:35
Алик Шпекбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:27
Солтүстікте су деңгейі көтеріліп келеді
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамаға өзгеріс енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:23
Президенттің өкімімен бірқатар лауазым иесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:23
Ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті
Қоғам • Бүгін, 11:20
Алматыда 100-ден астам көшенің аты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 11:12
Қазақстандық каратэшілер Парижде екі қола жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:10
Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен кетті
Қазақстан • Бүгін, 11:10
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 11:02
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың алғашқы күнінің нәтижесі
Спорт • Бүгін, 10:55
Отандық әуежайларды жаңғырту мәселесі талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 10:27
Өскемендік жастар жемқорлыққа қарсы акция өткізді
ANTIKOR • Бүгін, 10:17
Қазақстандық колледждерге WorldSkills стандартын енгізу ұсынылды
Білім • Бүгін, 10:02
16 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:40
Кореяда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маркалар шығарылды
Әлем • Бүгін, 09:28
2177 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:22
ҰБТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды
Білім • Бүгін, 09:18
Өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
«Самұрық-Қазының» қоғаммен байланыс жөніндегі директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 09:05
Қайта өңдеуді қаржыландыруға – 10 млрд теңге
Технология • Бүгін, 08:44
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Қолөнерші әйелдер цифрлы сауданы меңгеруде
Технология • Бүгін, 08:34
Өнер • Бүгін, 08:32
Қанатымен су сепкен қарлығаштай...
Руханият • Бүгін, 08:28
Экономика • Бүгін, 08:24
Қоғам • Бүгін, 08:22
Карантин әртістерге жаңа мүмкіндік ашты
Театр • Бүгін, 08:21
Өнер • Бүгін, 08:19
Ұлт ұстазына қатысты жәдігерлер
Руханият • Бүгін, 08:18
Ақмолалық азаматтардың ақ ниеті
Қоғам • Бүгін, 08:10
Адамзат соғыстан гөрі инфекциядан көп зардап шекті
Коронавирус • Бүгін, 08:08
Аймақтар • Бүгін, 08:07
ХҚО қызметкерлері де қалыс қалмады
Аймақтар • Бүгін, 08:05
Вакцина да аласыз, көрме де тамашалайсыз
Коронавирус • Бүгін, 08:04
Жел генераторының жемісін көретін күн жақын ба?
Экономика • Бүгін, 08:02
Экономика • Бүгін, 08:00
Адам өмірінің әуедегі арашашылары (Медициналық авиация қызметіне – 10 жыл)
Оқиға • Бүгін, 07:59
Ишанбай Қарақұловты естен шығармайық
Руханият • Бүгін, 07:56
«Еңбек» бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
Қоғам • Бүгін, 07:54
Оқиға • Бүгін, 07:52
Жартылай финалдың жұптары анықталды
Футбол • Бүгін, 07:40
Спорт • Бүгін, 07:38
Теннис • Бүгін, 07:37
Экология • Бүгін, 07:35
Жолайрықтар қала көшелерінің тынысын ашады
Қоғам • Бүгін, 07:30
Суицидтің көптігі – елімізге сын
Қоғам • Бүгін, 07:26
Қоғам • Бүгін, 07:23
Абай • Бүгін, 07:22
Экономика • Бүгін, 07:17
Қазақстан • Бүгін, 07:15
Футбол • Бүгін, 00:00
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Табиғат тағылық жасағанды кешірмейді
Аймақтар • Кеше
Сайлау Батырша-ұлы: Қазақтың көші тоқтамауы тиіс
Тарих • Кеше
Есірткі: Интернеттегі сауда ерік бермей барады
Қоғам • Кеше
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Ақпараттық текетіресте кімнің ұпайы түгел?
Экономика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар