Күзгі егін орағы айрықша жауапты науқан. Ерте көктемнен бергі тыным таппаған еселі еңбектің нәтижесі енді көрінбек. Облыс диқандары қауырт қимылдап, жұмысты еңсеріп келеді.

Жылдың төрт мезгілінде уақытпен санаспайтын дала еңбеккерлері маңдай термен өсірілген алтын дәнді шашаусыз жинап алу үшін жанталаса қимылдауда. Бұл орайда, әлмисақтан берік еңбек дәстүрі қалыптасқан. Қазір көп шаруашылықтар жұмысты екі ауысыммен атқарып жатыр. Өйткені, ашық сәтті ұтымды пайдаланып қалуы керек. Арқаның сылбыраған жауыны аяқ бастырмай, қыруар егін қар астында қалған да кез болған. Осындай жайсыздықтан ащы сабақ алған дала ерлері егінжайда түнеп, ел игілігін молайту жолында жанкешті еңбек етуде. Еңбектің еселі нәтижесі де бар.
Биыл облыста 4 427,7 мың гектар алқапқа жаздық дақылдар тұқымы себілді. Мұның ішінде бидай 3 698 мың гектарды, арпа 651,6 мың гектарды, сұлы 60 мың гектарды құрайды. Сондай-ақ тары, қарақұмық, ноқат, бұршақ, майбұршақ және жасымық тұқымдары да былтырғы ауқымнан көп себілді.
Орақ жұмысына алғашқылар қатарында кіріскен Сандықтау, Жарқайың, Жақсы, Есіл, Целиноград, Аршалы, Біржан сал, Атбасар, Бурабай, Астрахан аудандары бастапқы екпінді төмендеткен жоқ. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сүйенсек, аталған өңір диқандары бүкіл егістіктің 81-91 пайызын жинап алса, Зеренді ауданы толық аяқтады. Жалпы өңірлік көрсеткіштің 85 пайыздан асуы өзге аудандардың да межеге бүгін-ертеңдері жететінін байқатады.
Қазіргі жағдайды таратыңқырап айтсақ, 14 қыркүйектегі жағдай бойынша диқандар дәнді дақылдардың 3825,1 мың гектарының астығын бастырды. Қазірше гектар түсімділігі 10,6 центнерден айналуда. Осыған байланысты қырманға жеткізілген астықтың көлемі де 4 030 мың тоннаны құрап, былтырғы сәйкес мерзімдегіден анағұрлым асып түсті. Бұған қарап мынадай есеп жасауға болады: жұмыс жоспарында белгіленгеніндей, механизаторлар кешегі күні 266,6 мың гектардың өнімін жинады. Яғни, науқанды алдын ала бекітілген жұмыс күнінде аяқтауға толық мүмкіндік туып отыр. Бұған айтарлықтай негіз де бар. Науқандық жұмыстарға 8 145 астық комбайны, мұның ішінде 3 мыңнан астам заманалық жоғары өнімділіктегі техника қатыстырылуда.
Диқандар қауымы мемлекет тарапынан науқандық жұмыстарға 72,6 млрд теңге бөлінгеніне, мұның 37,3 млрд теңгесі қайтарымсыз субсидиялық қаржы екендігіне ризашылық білдіруде. Осындай қолдаудың нәтижесінде агроөндірістік кешендер мен шаруа қожалықтары соңғы 3,5 жылда жалпы құны 23,5 млрд теңгенің 992 комбайнын, 270 егіс кешендерін сатып алды. Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағар май тиісті көлемде қорланған. Ағымдағы жылғы астықты қабылдауға арнайы лицензияланған 65 кәсіпорын жұмылдырылуда. Бұлардың жалпы сақтау сыйымдылығы 4,2 млн тоннаны құрайды. Айтылғандарға қосымша, жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарында шамамен 2,4 млн тонналық астық қоймалары бар. Ендігі мақсат – осы қуатты тиімді пайдалану.
Облыс диқандары келесі жылдың молшылығын қамдау мақсатында қазірдің өзінде 515,9 мың тонна тұқым қорын, яғни, межеленген көлемнің 97,4 пайызын сайлап үлгірді. Мұнымен бірге, барлық алқапта күзгі жер баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақмола облысы
17-19 сәуірдегі ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 13:43
Қазақстан Ұлттық Банкі мен ХВҚ екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Экономика • Бүгін, 13:28
Қазақстанда 12 градусқа дейін аяз болады
• Бүгін, 13:00
Бақылаудағы тарих: Біз одан арыла алдық па?
Тарих • Бүгін, 12:45
Мемлекет басшысы ақын Есенғали Раушановтың отбасына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 12:43
Солтүстік Қазақстанда орман өртімен күресетін мекемелердің дайындығы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді
Елорда • Бүгін, 12:25
Арнайы өкіл: Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіру үшін өңірлік ынтымақ керек
Әлем • Бүгін, 12:10
«Nur Otan»-да 600 жас депутаттан тұратын корпус құрылды
Қоғам • Бүгін, 12:06
Президенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі
Президент • Бүгін, 11:59
Астық егу науқаны мамыр айының ортасында басталады
Қоғам • Бүгін, 11:44
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:35
Алик Шпекбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:27
Солтүстікте су деңгейі көтеріліп келеді
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамаға өзгеріс енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:23
Президенттің өкімімен бірқатар лауазым иесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:23
Ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті
Қоғам • Бүгін, 11:20
Алматыда 100-ден астам көшенің аты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 11:12
Қазақстандық каратэшілер Парижде екі қола жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:10
Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен кетті
Қазақстан • Бүгін, 11:10
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 11:02
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың алғашқы күнінің нәтижесі
Спорт • Бүгін, 10:55
Отандық әуежайларды жаңғырту мәселесі талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 10:27
Өскемендік жастар жемқорлыққа қарсы акция өткізді
ANTIKOR • Бүгін, 10:17
Қазақстандық колледждерге WorldSkills стандартын енгізу ұсынылды
Білім • Бүгін, 10:02
16 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:40
Кореяда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маркалар шығарылды
Әлем • Бүгін, 09:28
2177 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:22
ҰБТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды
Білім • Бүгін, 09:18
Өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
«Самұрық-Қазының» қоғаммен байланыс жөніндегі директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 09:05
Қайта өңдеуді қаржыландыруға – 10 млрд теңге
Технология • Бүгін, 08:44
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Қолөнерші әйелдер цифрлы сауданы меңгеруде
Технология • Бүгін, 08:34
Өнер • Бүгін, 08:32
Қанатымен су сепкен қарлығаштай...
Руханият • Бүгін, 08:28
Экономика • Бүгін, 08:24
Қоғам • Бүгін, 08:22
Карантин әртістерге жаңа мүмкіндік ашты
Театр • Бүгін, 08:21
Өнер • Бүгін, 08:19
Ұлт ұстазына қатысты жәдігерлер
Руханият • Бүгін, 08:18
Ақмолалық азаматтардың ақ ниеті
Қоғам • Бүгін, 08:10
Адамзат соғыстан гөрі инфекциядан көп зардап шекті
Коронавирус • Бүгін, 08:08
Аймақтар • Бүгін, 08:07
ХҚО қызметкерлері де қалыс қалмады
Аймақтар • Бүгін, 08:05
Вакцина да аласыз, көрме де тамашалайсыз
Коронавирус • Бүгін, 08:04
Жел генераторының жемісін көретін күн жақын ба?
Экономика • Бүгін, 08:02
Экономика • Бүгін, 08:00
Адам өмірінің әуедегі арашашылары (Медициналық авиация қызметіне – 10 жыл)
Оқиға • Бүгін, 07:59
Ишанбай Қарақұловты естен шығармайық
Руханият • Бүгін, 07:56
«Еңбек» бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
Қоғам • Бүгін, 07:54
Оқиға • Бүгін, 07:52
Жартылай финалдың жұптары анықталды
Футбол • Бүгін, 07:40
Спорт • Бүгін, 07:38
Теннис • Бүгін, 07:37
Экология • Бүгін, 07:35
Жолайрықтар қала көшелерінің тынысын ашады
Қоғам • Бүгін, 07:30
Суицидтің көптігі – елімізге сын
Қоғам • Бүгін, 07:26
Қоғам • Бүгін, 07:23
Абай • Бүгін, 07:22
Экономика • Бүгін, 07:17
Қазақстан • Бүгін, 07:15
Футбол • Бүгін, 00:00
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Табиғат тағылық жасағанды кешірмейді
Аймақтар • Кеше
Сайлау Батырша-ұлы: Қазақтың көші тоқтамауы тиіс
Тарих • Кеше
Есірткі: Интернеттегі сауда ерік бермей барады
Қоғам • Кеше
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Ақпараттық текетіресте кімнің ұпайы түгел?
Экономика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар