«Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодекстерінің жаңа редакциялары мен жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасы: адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының заңнамасы мен практикасына имплементтеу» конференциясы өтті.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен бірлесіп, Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының қолдауымен ұйымдастырған іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдар мен азаматтық сектордың өкілдері, сондай-ақ, белгілі ғалым-құқықтанушылары қатысты.
Конференция барысында қазіргі уақытта өткізіліп жатқан қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасын жаңғырту контексінде күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде мәнді ой-пікірлермен алмасу жүзеге асырылды.
Қатысушылар Парламенттің құрылған жұмыс топтары шеңберінде кодекстердің жобаларымен жұмыс істеу барысы туралы хабардар болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.