Әлем • 16 Қыркүйек, 2020

Польша Қазақстанды әуе қатынасына тыйым салынған елдер тізімінен алып тастады

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польша Республикасы Үкіметінің өкімімен Қазақстан 16 қыркүйектен бастап Варшава бұдан бұрын тікелей әуе қатынасына тыйым салған елдер тізімінен шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Польша Қазақстанды әуе қатынасына тыйым салынған елдер тізімінен алып тастады

Қазақстанның осы тізімнен шығарылуы COVID-19 таралуына байланысты еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын айғақтайды.

Сонымен бірге, АҚШ, Аргентина, Босния және Герцеговина, Бразилия, Израиль, Ирак, Испания, Катар, Кувейт, Молдова, Перу, Франция, Черногория және т. б. сияқты елдерді қоса алғанда, 30 мемлекет тікелей тұрақты әуе қатынасына тыйым салатын елдердің поляк тізімінде қалады. Мемлекеттердің аталмыш тізімін Польша үкіметі әр екі апта сайын шетелдегі эпидемиологиялық жағдай мониторингінің нәтижелеріне байланысты өзектендіреді.