Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус індетінің тағы бір толқыны әлемді әбігерге салуы мүмкін екенін мәлімдеді. Осыған орай елімізде індеттің алдын алу мақсатында түрлі сақтық шаралары қолға алынуда.

Бұл ретте еліміздің үшінші үлкен шаһары – Шымкентте COVID-19 және вирустық пневмонияның ықтимал өршуіне медициналық ұйымдардың дайындығын анықтау бойынша оқу-жаттығу өтті. Ондағы мақсат – қаланың барлық медициналық ұйымдарының коронавирустық инфекциямен күреске дайындығын барынша пысықтау.
Іс-шараға инфекциялық және провизорлық стационарлармен қатар меншік нысанына қарамастан, барлық бастапқы медициналық санитарлық көмек (БМСК) ұйымдары қатысты. Оқу-жаттығу жұмыстарына 36 БМСК ұйымы, 9 диагностикалық орталық, 7 ПТР зертханасы жұмылдырылды. «Асар» шағын ауданындағы қалалық жұқпалы аурулар орталығында өткен оқу-жаттығу барысында науқастың шақыртуының «103» пультіне түскен сәтінен бастап, тиісті белгілері болған жағдайда стационарға жатқызуға дейінгі бағытының алгоритміне баса назар аударылды.
«Дəрі-дəрмек толық қамтамасыз етілген. Оттегі аппараттары жеткілікті. Ал бүгінгі оқу-жаттығу – болжамды толқынға дайындық. Мұның маңызы зор», дейді қалалық жұқпалы аурулар орталығының аға дəрігері Шырымбек Бекенұлы.
Сондай-ақ Шымкент қалалық №3 емханасында да коронавирус пандемиясына қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Оқу-жаттығу барысында емханаға келіп түскен шақырту қабылданды. Шақырту түскеннен кейін науқастың үйіне дәрігерлер мен фельдшерлер барып, оның хал-жағдайын толыққанды тексеріп, медициналық көмек көрсетті. Тексеру кезінде науқасқа қосымша диагностикалық көмек керек болғандықтан «Медикер» орталығына апарып, компьютерлік томографияға түсірді.
Мамандардың болжауы бойынша, індеттің екінші толқыны болуы ықтимал. Сондықтан да осы дертке медицина мамандары төтеп бере білуі керек. Осы мақсатта қалада инфекциялық және провизорлық стационарлармен қатар меншік нысанына қарамастан, барлық БСМК арасында бүгін оқу-жаттығу шаралары басталды. Оқу-жаттығу шарасы аясында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «112» құтқару қызметінің жұмысымен танысып, мамандарға табыс тіледі.
Осы орайда айта кетсек, егер науқастың өкпе қабыну деңгейі 15 пайыздан жоғары болса, «Атамекен» медициналық орталығына жеткізіледі. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Жақыпқызының айтуынша, «Атамекен» провизорлы стационарына орта дәрежелі науқастар түседі. Науқас ентігу халінде түссе, провизорлы орталықтағы қызыл жолақпен палатаға жеткізіледі. Егер өзі тыныс ала алатын болса, сары жолақпен жүргізіліп, анализі толық алынып, палатаға жайғастырылады.
Оқу-жаттығу барысында Шымкент қалалық №3 емханасының бас дәрігері Ақмарал Уалиханқызы емханаға күнделікті шақыртулар түсетінін, бұл шақыртулар автоматты түрде 4 категорияға бөлінетінін жеткізді. Арнайы жаттығу кезінде медицина қызметкеріне науқастардың жай-күйінің ауырлығын анықтау, коронавирустық инфекция кезінде сақтану шаралары бойынша бағалау жүргізіліп, провизорлық стационарға тасымалдау жолдары көрсетілді. Сонымен қатар оқу-жаттығу барысында емханалардың жанынан құрылған мобильді топтардың іс-әрекеттері де түсіндірілді. Олардың қажет болған жағдайда пациентті компьютерлік томографияны тексеруге жіберу, ПТР талдауды алу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді.
ШЫМКЕНТ
Қазақстан Ұлттық Банкі мен ХВҚ екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Экономика • Бүгін, 13:28
Қазақстанда 12 градусқа дейін аяз болады
• Бүгін, 13:00
Бақылаудағы тарих: Біз одан арыла алдық па?
Тарих • Бүгін, 12:45
Мемлекет басшысы ақын Есенғали Раушановтың отбасына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 12:43
Солтүстік Қазақстанда орман өртімен күресетін мекемелердің дайындығы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді
Елорда • Бүгін, 12:25
Арнайы өкіл: Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіру үшін өңірлік ынтымақ керек
Әлем • Бүгін, 12:10
Сенаторлар ұлттық қауіпсіздіктің жұмысын жетілдіру мәселесін талқылады
Парламент • Бүгін, 12:07
«Nur Otan»-да 600 жас депутаттан тұратын корпус құрылды
Қоғам • Бүгін, 12:06
Президенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі
Президент • Бүгін, 11:59
Астық егу науқаны мамыр айының ортасында басталады
Қоғам • Бүгін, 11:44
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:35
Алик Шпекбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:27
Солтүстікте су деңгейі көтеріліп келеді
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамаға өзгеріс енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:23
Президенттің өкімімен бірқатар лауазым иесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:23
Ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті
Қоғам • Бүгін, 11:20
Алматыда 100-ден астам көшенің аты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 11:12
Қазақстандық каратэшілер Парижде екі қола жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:10
Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен кетті
Қазақстан • Бүгін, 11:10
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 11:02
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың алғашқы күнінің нәтижесі
Спорт • Бүгін, 10:55
Отандық әуежайларды жаңғырту мәселесі талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 10:27
Өскемендік жастар жемқорлыққа қарсы акция өткізді
ANTIKOR • Бүгін, 10:17
Қазақстандық колледждерге WorldSkills стандартын енгізу ұсынылды
Білім • Бүгін, 10:02
16 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:40
Кореяда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маркалар шығарылды
Әлем • Бүгін, 09:28
2177 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:22
ҰБТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды
Білім • Бүгін, 09:18
Өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
«Самұрық-Қазының» қоғаммен байланыс жөніндегі директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 09:05
Қайта өңдеуді қаржыландыруға – 10 млрд теңге
Технология • Бүгін, 08:44
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Қолөнерші әйелдер цифрлы сауданы меңгеруде
Технология • Бүгін, 08:34
Өнер • Бүгін, 08:32
Қанатымен су сепкен қарлығаштай...
Руханият • Бүгін, 08:28
Экономика • Бүгін, 08:24
Қоғам • Бүгін, 08:22
Карантин әртістерге жаңа мүмкіндік ашты
Театр • Бүгін, 08:21
Өнер • Бүгін, 08:19
Ұлт ұстазына қатысты жәдігерлер
Руханият • Бүгін, 08:18
Ақмолалық азаматтардың ақ ниеті
Қоғам • Бүгін, 08:10
Адамзат соғыстан гөрі инфекциядан көп зардап шекті
Коронавирус • Бүгін, 08:08
Аймақтар • Бүгін, 08:07
ХҚО қызметкерлері де қалыс қалмады
Аймақтар • Бүгін, 08:05
Вакцина да аласыз, көрме де тамашалайсыз
Коронавирус • Бүгін, 08:04
Жел генераторының жемісін көретін күн жақын ба?
Экономика • Бүгін, 08:02
Экономика • Бүгін, 08:00
Адам өмірінің әуедегі арашашылары (Медициналық авиация қызметіне – 10 жыл)
Оқиға • Бүгін, 07:59
Ишанбай Қарақұловты естен шығармайық
Руханият • Бүгін, 07:56
«Еңбек» бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
Қоғам • Бүгін, 07:54
Оқиға • Бүгін, 07:52
Жартылай финалдың жұптары анықталды
Футбол • Бүгін, 07:40
Спорт • Бүгін, 07:38
Теннис • Бүгін, 07:37
Экология • Бүгін, 07:35
Жолайрықтар қала көшелерінің тынысын ашады
Қоғам • Бүгін, 07:30
Суицидтің көптігі – елімізге сын
Қоғам • Бүгін, 07:26
Қоғам • Бүгін, 07:23
Абай • Бүгін, 07:22
Экономика • Бүгін, 07:17
Қазақстан • Бүгін, 07:15
Футбол • Бүгін, 00:00
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Табиғат тағылық жасағанды кешірмейді
Аймақтар • Кеше
Сайлау Батырша-ұлы: Қазақтың көші тоқтамауы тиіс
Тарих • Кеше
Есірткі: Интернеттегі сауда ерік бермей барады
Қоғам • Кеше
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Ақпараттық текетіресте кімнің ұпайы түгел?
Экономика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар