Тарих • 16 Қыркүйек, 2020

Жамбылда полиция әулеттерінің 300 жылдық тарихы қалыптасқан

180 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жамбылда полиция әулеттерінің 300 жылдық тарихы қалыптасқан, деп жазады Egemen.kz

Жамбылда полиция әулеттерінің 300 жылдық тарихы қалыптасқан

Ел тарихында бір әулеттің ғұмыры тұтасымен бір салаға арналған жағдайлар бар. Мәселен, ел ішінен отбасымен дәрігерлер, мұғалімдер, теміржолшылар және тағы да басқа мамандық иелерін білеміз. Тіпті ата жолын жалғастырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтап отырған әулеттер де жетерлік. Мәселен, Жамбыл облысының Полиция департаментінде полиция әулеттерінің жалпы еңбек өтілі 300 жылдан асады екен. Үш ғасыр бойы жекелеген әулеттер елдің тыныштығына, қоғамның қауіпсіздігіне үлес қосып келеді.

Өңірдегі полицейлер әулеті ішкі істер органдары қызметкерлерінің жас буынының кәсіби қызметіне, адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу ісіне ықпал етуде. Департаменттің мәліметінше, облыста әр кезеңде ішкі істер саласында қызмет еткен және қызмет ететін үш буын өкілдері бар. Мәселен, Демесіновтер мен Зайнуллиндер отбасында төрт адам ішкі істер саласының қызметкерлері болып еңбек ететін болса, ал Дүйсебаевтар, Намазбаевтар, Тұрмановтар мен Оразбековтердің отбасында үш адамнан бар. Сонымен қатар Сарысу ауданында тұратын Сатмахановтар әулетінде де жеті адам,  яғни атасынан немерелеріне дейін осы салада қызмет етіп жүр. Олар әр кезеңде старшинадан бастап, полиция подполковнигі дәрежесіне дейін түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Және қазіргі таңда олардың кейінгі буыны да полиция қатарында сап түзеп жұмыс істейді.

Бүгінде Жамбыл облысында 70-тен астам полицейлер отбасы жұмыс істейді екен. Олардың екі ұрпағы – әкесі, ұлы немесе қызы ішкі істер органдарында қазір де қызмет атқаруда. Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов тәртіп сақшыларының әулеттерінің әрбір буын өкілінен шағын сауалнама жүргізген. Өңірдің бас полицейі әңгіме барысында батыл және адал адамдар туралы естеліктер айтылғанын, әсіресе мақсатына берік полиция қызметкері сияқты мамандық туралы маңызды сұхбат болғанын жеткізді.