Ғаламдық жылынудың әсерінен бе, соңғы жылдары мұнайлы өңірде қыс қаһары соншалықты байқалмай жүр. Бірақ алдағы қыстың қалай боларын кім болжай алар дейсің? Сол себептен облыс әкімдігінің қаулысымен «Атырау облысының аумағында 2020-2021 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде нысандардың жұмысқа дайындығы туралы» облыстық ведомствоаралық комиссия құрылды.

Аталған комиссия коммуналдық қызметтердің қысқы маусымға дайындығы мен «Мақат-Солтүстік Кавказ» магистральды газ құбырындағы ағымдық жөндеу жұмысына баса назар аударып отыр.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары жетекшілік ететін ведомствоаралық комиссия нақты атқарылатын іс-шаралардың жоспарын бекітіп, орындалуын қадағалауға алды. Жылу беру маусымына дайындық жұмысын жүргізу үшін 5,7 млрд теңге бөлінді. Қолдағы дерекке қарағанда, Атырау қаласында көппәтерлі 1 737 тұрғын үй, 409 білім беру, 147 денсаулық сақтау нысаны бар.
Пәтер иелерінің кооперативтері мен коммуналдық мекемелердің бірлескен жұмысының нәтижесінде 1 402 тұрғын үй, 392 білім беру және 135 денсаулық сақтау нысаны гидравликалық сынақтан өткізілді. Бірақ әлі де коммуналдық кәсіпорындар жылу беру маусымына дайындық шараларын толық аяқтай қойған жоқ. Өйткені 19,6 шақырымдық жылумен қамтитын желінің 11,4 шақырымына, 781,19 шақырымға созылған электр желілерінің 679,47 шақырымына, 3,08 шақырым су және кәріз жүйесіндегі желілердің 2,3 шақырымына ғана ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Десек те, коммуналдық саладағы кәсіпорындардың басшылары бір айға жетпейтін мерзімнен кейін басталатын жылу беру маусымына сақадай сай боламыз дегенді ұстанып отыр.
Қысқа әзірлік басталысымен әсіресе ыстық су беру жиі тоқтайды. Мұның бірнеше себебі бар. «Атырау жылу электр орталығы» АҚ мамандарының түсіндіруінше, біріншіден, құбыр желісін жөндеу кезінде тұрба ауыстырылады. Екіншіден, гидравликалық сынақ жүргізіледі. Кейде осындай жөндеу жұмыстары бірер аптада аяқталса, Атырау қаласының «Тұрғын үй қалашығы», «Нұрсая» шағын аудандарында бір айға жуық мерзімге созылды. Тұрғындарға жаздың аптабы болса да, осынша уақыт ыстық сусыз отыруына тура келді. Енді міне, Атырау қаласында 16-27 қыркүйекте ыстық су беру тағы да тоқтатылмақ.
Мұндай іркіліс табиғи газ желісінде де байқалады. Мәселен, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-тың магистральды газ құбырына жоспарлы жөндеу жүргізілді. Соның ішінде «Мақат – Солтүстік Кавказ» магистральды газ құбырындағы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде, нақтырақ айтқанда, 1-7 қыркүйекте Мақат ауданының Доссор кентінде, ал 8-11 қыркүйек аралығында Атырау қаласының сол жақ жағалауындағы тұрғын үйлер мен кәсіпорындарға газ беру тоқтатылды.
Өңірдегі қысқы маусымға әзірлік кезінде көрініс табатын мұндай жайт жыл сайын қайталанып тұрады. Сол себептен Атырау қаласының, іргелес елді мекендер мен Махамбет ауданына қарасты Алға, Ортақшыл, Есбол, Ақжайық, Еңбекшіл ауылдарының тұрғындары да аз күн табиғи газсыз отыруға түсіністікпен қарап келеді. Әрине «көгілдір отын» тоқтатылған кезде тұтынушылар электр қуатын әдеттегіден көбірек тұтынары даусыз. Сондықтан «Атырау жылу электр орталығы» АҚ электр энергиясымен үздіксіз қамту үшін мазут отынын жағуға мәжбүр болды.
Атырау облысы
Қазақстан Ұлттық Банкі мен ХВҚ екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Экономика • Бүгін, 13:28
Қазақстанда 12 градусқа дейін аяз болады
• Бүгін, 13:00
Бақылаудағы тарих: Біз одан арыла алдық па?
Тарих • Бүгін, 12:45
Мемлекет басшысы ақын Есенғали Раушановтың отбасына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 12:43
Солтүстік Қазақстанда орман өртімен күресетін мекемелердің дайындығы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді
Елорда • Бүгін, 12:25
Арнайы өкіл: Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіру үшін өңірлік ынтымақ керек
Әлем • Бүгін, 12:10
Сенаторлар ұлттық қауіпсіздіктің жұмысын жетілдіру мәселесін талқылады
Парламент • Бүгін, 12:07
«Nur Otan»-да 600 жас депутаттан тұратын корпус құрылды
Қоғам • Бүгін, 12:06
Президенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі
Президент • Бүгін, 11:59
Астық егу науқаны мамыр айының ортасында басталады
Қоғам • Бүгін, 11:44
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:35
Алик Шпекбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:27
Солтүстікте су деңгейі көтеріліп келеді
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамаға өзгеріс енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:23
Президенттің өкімімен бірқатар лауазым иесі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:23
Ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті
Қоғам • Бүгін, 11:20
Алматыда 100-ден астам көшенің аты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 11:12
Қазақстандық каратэшілер Парижде екі қола жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:10
Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен кетті
Қазақстан • Бүгін, 11:10
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 11:02
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың алғашқы күнінің нәтижесі
Спорт • Бүгін, 10:55
Отандық әуежайларды жаңғырту мәселесі талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 10:27
Өскемендік жастар жемқорлыққа қарсы акция өткізді
ANTIKOR • Бүгін, 10:17
Қазақстандық колледждерге WorldSkills стандартын енгізу ұсынылды
Білім • Бүгін, 10:02
16 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:40
Кореяда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маркалар шығарылды
Әлем • Бүгін, 09:28
2177 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:22
ҰБТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды
Білім • Бүгін, 09:18
Өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
«Самұрық-Қазының» қоғаммен байланыс жөніндегі директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 09:05
Қайта өңдеуді қаржыландыруға – 10 млрд теңге
Технология • Бүгін, 08:44
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Қолөнерші әйелдер цифрлы сауданы меңгеруде
Технология • Бүгін, 08:34
Өнер • Бүгін, 08:32
Қанатымен су сепкен қарлығаштай...
Руханият • Бүгін, 08:28
Экономика • Бүгін, 08:24
Қоғам • Бүгін, 08:22
Карантин әртістерге жаңа мүмкіндік ашты
Театр • Бүгін, 08:21
Өнер • Бүгін, 08:19
Ұлт ұстазына қатысты жәдігерлер
Руханият • Бүгін, 08:18
Ақмолалық азаматтардың ақ ниеті
Қоғам • Бүгін, 08:10
Адамзат соғыстан гөрі инфекциядан көп зардап шекті
Коронавирус • Бүгін, 08:08
Аймақтар • Бүгін, 08:07
ХҚО қызметкерлері де қалыс қалмады
Аймақтар • Бүгін, 08:05
Вакцина да аласыз, көрме де тамашалайсыз
Коронавирус • Бүгін, 08:04
Жел генераторының жемісін көретін күн жақын ба?
Экономика • Бүгін, 08:02
Экономика • Бүгін, 08:00
Адам өмірінің әуедегі арашашылары (Медициналық авиация қызметіне – 10 жыл)
Оқиға • Бүгін, 07:59
Ишанбай Қарақұловты естен шығармайық
Руханият • Бүгін, 07:56
«Еңбек» бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
Қоғам • Бүгін, 07:54
Оқиға • Бүгін, 07:52
Жартылай финалдың жұптары анықталды
Футбол • Бүгін, 07:40
Спорт • Бүгін, 07:38
Теннис • Бүгін, 07:37
Экология • Бүгін, 07:35
Жолайрықтар қала көшелерінің тынысын ашады
Қоғам • Бүгін, 07:30
Суицидтің көптігі – елімізге сын
Қоғам • Бүгін, 07:26
Қоғам • Бүгін, 07:23
Абай • Бүгін, 07:22
Экономика • Бүгін, 07:17
Қазақстан • Бүгін, 07:15
Футбол • Бүгін, 00:00
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Табиғат тағылық жасағанды кешірмейді
Аймақтар • Кеше
Сайлау Батырша-ұлы: Қазақтың көші тоқтамауы тиіс
Тарих • Кеше
Есірткі: Интернеттегі сауда ерік бермей барады
Қоғам • Кеше
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Ақпараттық текетіресте кімнің ұпайы түгел?
Экономика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар