Әлем • 17 Қыркүйек, 2020

Әйгілі брендтің мың долларлық маскасы сынға ұшырады

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі брендтің мың долларлық маскасы әлеуметтік желіде сынға ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz

Әйгілі брендтің мың долларлық маскасы сынға ұшырады

Коронавирус індеті − сән әлеміндегі жаңа трендтің атрибутына айналды. Louis Vuitton бренді трендтен қалыс қалмай, 960 доллар тұратын қорғаныс маскасын нарыққа шығарды. Алайда желі қолданушылары масканы шамадан тыс қымбат және вирустан қорғай алмайды деп сынға алды.

LV Shield қорғаныстық маскасы келбетіңізге тек жаңаша бейне бере алады. Бірақ вирустан қорғай алмайды. Брендті қажет болса, қалпақша ретінде де киюге болады дейді бренд иесі. Бүкіл әлем бойынша өнімді 30 қазанда Louis Vuitton дүкендерінен табуға болады.

Twitter қолданушысы LV Shield қорғаныстық маскасын сатып алған адамның не бай, не соншалықты ақымақ болу керектігін алға тартты.

Еске салайық, бұған дейін танымал бренд қымбат маскалардың басқа да нұсқаларын шығарған.