Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2020

Қостанай облысында жол жөндеу барысында 200-ден астам өрескел қателік анықталды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақтағы  автокөлік жолдары 57 млн теңге қаржыға қайта жөндеуден өтуде. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі орталығында өткен баспасөз жиынында Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы облыстық филиалының басшысы Абылайхан Алшынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында жол жөндеу барысында 200-ден астам өрескел қателік анықталды

"Жыл басынан бері Қостанай облысындағы автомобиль жолдарына 600 рет инспекциялық тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 800 кемшілік анықталды. Оның ішінде 200-ден астам өрескел қателік орын алып отыр", деді А.Алшынбаев.

3

Филиал басшысы жол жөндеуге қатысты кемшіліктерді санамалап өтті.  Мысалы, облыстың көлік жолдарын оңдау барысында асфальт-бетон қоспасы жолға талапқа сай жеткілікті деңгейде қыздырылмай төселеді.  

1

Темірбетон бұйымдары дұрыс қойылмайды. Сондай-ақ, жұмыс технологиясы сақталмайды. Жаңа төселген асфальтқа тиісті күтім жасалмайды. Жолдың астыңғы қыртысы дұрыс тығыздалмайды. Жөндеу жүріп жатқан жол учаскесінде жол-құрылыс  техникасының кешені көбіне жеткіліксіз болып шығады.

Филиал тапсырыс берушілер мен мердігерлерге жол жөндеуде кездесетін кемшіліктерді жою туралы 270 хат жолдаған.

 

Қостанай облысы