«Қарекетте қайыр барын білеміз, оған көзіміз жеткен» дейді қос құрбы – тігінші келіншектер.

Жақсы жандарға жолыққан Жадиева
Гүлжанат Жадиеваның бала кезгі арманының жүзеге асуы біраз жылды керек етіпті. Кішкентайынан сурет салуды, әлдене тігуді жақсы көрді. Қиялымен қолынан шыққан дүниелерді жұрт алдына шығарғанда ел қызықтап қол соғып тұрса, алғысын айтса, жаппай тұтынса, жарастырып кисе деп армандады. Бірақ бұл ойын ата-анасы құптамады.
– Қой, қызым, тұқымымызда тігіншілікпен тіршілік еткен адам жоқ. Сенің бұл ісіңді қолдап көмектесетін қаражатты қайдан табамыз? Одан да Қызылорданың педколледжіне барып, мұғалім бол, – дейді. Шеше сөзін екі етпеген Гүлжанат арманын жиыстырып, мұғалімдік жолға түсті. Тұрмысқа шығып, балалары өмірге келгенде жұбайына елде жұмыстың реті болмай 2013 жылы елордаға қоныс аударған екен. Ал тігіншілікке келуіне декретте отыруы себеп болыпты.
– Жалпы, қарекетсіз отырғанды қаламаймын. Сол уақытта тапсырысқа торт пісіріп саттым, одан әлеуметтік желіден біліп, ақтаулық Нұрлы Қабулова есімді қыздан онлайн құрақ көрпе тігуді үйрендім. Нұрлы бейнесабақтар көрсетеді, одан тапсырма береді, кері байланыс арқылы жасаған тапсырмаңды көрсетесің, осылайша құрақ көрпе тігудің қыр-сырын оқып алдым, – дейді ол.
Сөйтіп жүргенде бір күні балабақшадан тапсырыс алып, бұл іспен айналысып табыс табуға болатынын, жаны қалайтын еңбек екенін ұқты. 2017 жылы Гүлшарат Жұбаева астанаға шеберлік сабағын өткізуге келді. Курстан өту 30 мың теңге тұрады. Тек көпбалалы анаға арналған тегін 3 орын бар екен. Балаларының арқасында тегін оқуға жазылған ол Гүлшараттың қадағалауымен бір көйлек пен қамзол тігіп шықты. Кейіннен Гүлшарат Қазақстан бойынша курстан өткен қыздардың басын біріктіріп ортақ чат ашты. Ол жерде де бір-бірінен сұрап, кеңесіп отыруға болады. Осылайша Гүлжанат көрпе тігу машығын тереңдетіп білмекке тағы да алыста жатып білгенін үйрететін тағы бір жақсы жанның сабағына қатысады. Ол семейлік Назым Қадырова болатын. Қазіргі құстың қос қанатындай, қанаттаса еңбек етіп жүрген құрбысы Рабиғамен осы көрпе сабағынан өтуде танысады.
Қолынан шыққан бұйымдарын әлеуметік желіге салып, елге көрінуі Гүлжанатқа жаңа тапсырыстар әкеледі. Бірақ оның іс тігетін машинасы да жоқ еді. Бірде әжептәуір қомақты тапсырыс түсті. Содан Рабиғаның мәшеңкесін жалға алып тігіп, 5 күннің ішінде тапсырысты орындайды. Осы жеделдігімен құттықтаған қыз-келіншектер қалай тіккенін сұраған екен. «Мәшеңкені жалға алып тігіп шықтым» дегенін естігенде Гүлшарат: «Қыздар, әрқайсымыз 1 мың теңгеден шығарсақ, 100 мың теңгедей қаражат жиналады, қалғанын өзі қосар, көмектесейік», дейді.
– Өмірі жүзін көрмеген ортақ чаттағы қыздар үш күн ішінде 90 мың теңге жиып беріп, қалған 70 мың теңгесін өзім қосып алғашқы мәшеңкеме қолым жетті. Қуанышым қойныма сыймай, қызықтап айналасынан шықпайтынмын, әйтеуір жүрген жерімде жақсы адамдарға жолығамын, – дейді Гүлжанат.
Сөйтіп жеке мәшеңкесімен іс тігіп жүргенде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының «Бизнес бастау» атты бір айлық курс өткізетінін көреді. Осы курста оқыған ол 500 мың теңге грант алады. Бұл қаражат Гүлжанаттың арман-қиялында жүрген тігіншіге қажетті күрделі операцияларды орындайтын жаңа мәшеңке мен 48 размерлі манекен және өндірістік үтік алуға мүмкіндік береді.
Қордайдан қанат қаққан Рабиға қыз
Рабиға Өтепова Қордайда туыпты. Жұбайы әскери адам, қазір зейнеткер. Сондықтан да еліміздің көптеген өңірінде еңбек еткен. Әуелде кәсіптік-техникалық колледжде тігіншілікті игерген Рабиғаның бұл істе қаланған іргетасы бар. Алайда қазіргі күні бұрынғы білгенімен отырып қалуға бола ма, соны жетілдіремін деп жүріп, бір жылғы төл – Гүлжанатпен танысып, жарасып кеткенін байқамай қалды.
– Біздің отандық шеберлерде оқуды қалта көтере бермейді. 300 мың теңгеден төлеп, оқып шығу оңай ма? Көбіне мүмкін емес. Сондықтан «Атамекен» ҰКП көрсеткен көмекке разымыз. Негізі елордада әділдік бар. «Атамекен» бизнес жоспарыңды дәлелдесең грант береді, қайтарымсыз несиесі де бар. Әуелгі жолыңнан ауытқымай, берген қаражатты тойға, иә басқаға жұмсап жібермей, жұмыс жүргізгеніңді көрсетіп отырсаң болды. Ал өңірлердегі қыздарға өте қиын. «Бармақ басты, көз қыстымен», таныстықпен бөлінеді деп жылайды. Гүлжанат екеуміздің бағымызға Нұр-Сұлтанда тазалық бар, көзі жанып тұрған, ынталы жанға қолұшын беретінін байқадық. Жуырда «Атамекен» алда 5 жылдық жоба бар екенін айтып, соған қатысуға шақырды. Оған инновациялық бизнес жоспар қажет. Ал біздің қиялымыз инновацияға жетіңкіремей тосылыңқырап отырмыз, – дейді Рабиға.
Бірер адамға болса да табыс тауып, жұмыссыздықпен күресетін осындай игі іс алдағы күнге үміті мен сенімін нығайтты. Қазір шеберхана есігі бір жабылмайды. Барлығын тігеді. Сырт киім, үй жабдығы дейсіз бе, көйлектердің сан түрін, ерлер киімдерін тігеді, өңдеу (реставрация) жасайды. Бір келген жанның қайтып соқпайтыны жоқ. Тіпті үнемі тіктіріп киетін клиенттер базасы да қалыптасты.
– Күйеуім қазір зейнеткер, 3 баламыз бар. Гүлжанат 5 баласын Қажымұқанда қалдырып алыстан қатынаса, мен жақын жерден еңбектенемін. Бәлкім көп жылғы елдің түкпір-түкпірінде жүрген күндердің өтеуі болар, – деген Рабиға қарекетті қолдайтын адамдар бірігуінің үлкен күш екенін айтып берді.
Яғни, тігінші қыз-келіншектердің ортақ чаты сондай орта болып қалыптасыпты. Бұрын апта сайын 1 мың теңгеден салса, қазір айына 5 мың теңгеден салады. Айдың аяғында инстаграмда тікелей эфирде әр қатысушының аты-жөні, қаласы жазылып, шыны ыдысқа салынады. Соның ішінен кішкентай бала бір қағазды алып шығады. Кімнің аты шықса, соған қаражат аударылып, ол өзіне қажетті мәшеңкесін алады. Осылай жеребе тарту арқылы қаншама адам қолы жетпеген дүниесін алды.
Қос құрбы қарап отырмайтынын айтады. Тіпті карантин уақытында да бетперде тігіпті. «Ертең карантин басталады дегенде тапсырыс түсті. Содан күн-түн демей екі күн отырып, тапсырыспен 500 тұмша тігіп өткіздік. Одан мәшеңкені үйге алып кетіп, үйден тапсырыс орындап нәтижесінде карантин деп пәлендей қиналмадық» дейді тігіншілер.
– Мұғалімдікті қойып, тігіншілікке көштім дегенде бауырларым: «Сағым қума, мамандығыңа орал» деп ұрысты да, күлді де. Бірақ мен жолымды енді таптым. Білесіз бе, мен үйінде тек аузын ашып, қарап отыратын келіншектерді түсінбеймін. Торт пісірдім деп айттым ғой. Сонда күнде таң алаңынан тұрып, үлкен етіп балды торт пісіріп, оны 21 тең бөлікке кесіп турап, 304 автобусының соңғы аялдамасындағы дәмханаға, әр бөлігін 180 теңгеден өткізетінмін. Олар 220 теңгеден сатып, кешке ақшасын береді. Сондай-ақ қосымша тапсырыстан түсетін торттар бар. Сөйтіп отбасымыздың бюджетін толықтырып отырдым. Ол кезде «Лесная поляна» шағын ауданында пәтер жалдап тұрдық. Қазір қала іргесінен жер алып, Қажымұқан ауылында үй салып жатырмыз, – деген Гүлжанаттың сөзін Рабиға жалғады.
«Біз халыққа қызмет көрсету арқылы өзімізге де жақсы жол ашып жүрміз. Топты тапсырыс келсе қуанып қаламыз. Өйткені қол жаттығады да өнімді болады. Өткенде бір дәмхана үшін 40 алжапқыш тігіп шықтық. Тез әрі сапалы орындалды деп қуанды. Қарекетте қайырдың бары рас, – дейді қос шебер.
Көкшетауда сауда үйінің терезесінен құлаған жігіт мерт болды
Аймақтар • Кеше
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • Кеше
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • Кеше
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • Кеше
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • Кеше
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • Кеше
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • Кеше
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • Кеше
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • Кеше
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • Кеше
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • Кеше
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • Кеше
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • Кеше
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1511 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда бір күнде 2734 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті
Саясат • 09 Сәуір, 2021
Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді
Спорт • 09 Сәуір, 2021
Қазақстан елшісі Швецияның Сыртқы істер министрімен кездесті
Саясат • 09 Сәуір, 2021
ШҚО-да тұрғындар эвакуацияланды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қазақстанда қанша микроқаржы ұйымы жұмыс істейтіні белгілі болды
Экономика • 09 Сәуір, 2021
Президент Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдерінің есебін тыңдады
Президент • 09 Сәуір, 2021
Елбасы Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Елбасы • 09 Сәуір, 2021
Биыл 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен келіссөз өткізді
Үкімет • 09 Сәуір, 2021
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қостанай облысында жаппай вакцина егу басталады
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
М.Әйтенов: Халыққа вакцина егудің маңыздылығын қарқынды насихаттау керек
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр?
Руханият • 09 Сәуір, 2021
Президент ғарыш саласының мамандарына ризашылығын білдірді
Президент • 09 Сәуір, 2021
Ұйғыр ауданының судьясы жемқорлық фактісімен күдікке ілінді
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Түркістан облысында вегетациялық маусым қалай өтеді
Экология • 09 Сәуір, 2021
Алматыда тау баурайы отқа оранды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қабдеш Жұмаділовтің соңғы сұхбаты эфирге шығады
Руханият • 09 Сәуір, 2021
Филипп ханзаданың қазасы: Ұлыбританияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Әлем • 09 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 7 тойхананың жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Әйелдер ипотекасы қашан іске қосылатыны белгілі болды
Экономика • 09 Сәуір, 2021
Қазақстандық вакцина қашан дайын болады?
Қазақстан • 09 Сәуір, 2021
Жемқорлық: «СҚ-Фармацияның» экс-басшысына қатысты істің жайы белгілі болды
ANTIKOR • 09 Сәуір, 2021
Полиция қызметкері 14 жастағы қызды өлімнен аман алып қалды
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Президент елдегі жолдардың сапасына қатысты сын айтты
Президент • 09 Сәуір, 2021
Батыс Қазақстанда өзен жағасынан малдың өлекселері табылды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Алматыда карантин күшейтіле ме?
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Алматы полициясы мылтықтан оқ атқандарға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Тбилисиде грузин тіліндегі Абай өлеңдерінің жинағы жарық көрді
Абай • 09 Сәуір, 2021
Қызылорда облысында заңсыз балық аулаудың екі дерегі анықталды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
ШҚО: Қызға қол көтерген басқарма басшысы жұмыстан қуылды
Оқиға • 09 Сәуір, 2021
Елордада тарауих намазы мен ауызашар рәсімдері өткізілмейді
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның алдағы міндеттері қандай?
Үкімет • 09 Сәуір, 2021
Коронавирус вакцинасы оразаны бұзбайды - Жанна Пірәлиева
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Зейнетақыға үстемеақы қосылатыны рас па?
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Ақтөбеде 10 мыңға жуық адам вакцина қабылдады
Медицина • 09 Сәуір, 2021
Алтай Көлгінов жол қызметкерлерінің жұмысын сынға алды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қазақстанның Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі өтіп жатыр
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар