02 Қараша, 2013

Ғалымдар Жердің апатқа ұшырайтын уақытын атады

318 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

02-11-13-zemlia

Ғалымдар ақыр заман орын алатын жаңа уақытты атап көрсетті. Олардың есептері бойынша, Жердің апатқа ұшырауы 2014 жылғы маусым айында болады. Бұған ғарыш бұлты тікелей әсер етеді. Бұл туралы news.nur.kz хабарлады.

Кембридж универститетінің NASA-мен жақын араласатын астрофизиктерінің бірі доктор Альберт Шервинский 2014 жылғы маусым айында Күн системасын қышқыл бұлт бүлдіреді деп есептейді. Ол аталмыш бұлттың біздің планетамызға қарай жақындап келе жатқанына, енді жылға жетпейтін уақытта оның жермен соқтығысатынына, содан соң Жер бетіндегі тірі тіршілік атаулының түгел құрып кететініне сенімді.

Осындай мәлімдеме жасай отырып, ғалым өзінің есептеулерін де ұсынады. Ол NASA-ның бұдан бірнеше жыл бұрын жолында кездескеннің бәрін жапырып, Жерге қарай жылжып келе жатқан орасан зор бұлттың тозаңы мен «қышқылды тұманды» суретке түсіріп алғанын айтады. Бірақ NASA-дағылар ешқандай да қышқылды бұлт жөнінде хабарлары жоқ екенін айтып отыр. Ал ғалым бұл ұйымның жұрт арасында үрей туғызбау үшін шындықты жасырып, үндемей отырғанын мәлім етеді.

Бұл жаңалықты Ресей ғалымдары кекесінмен қабылдады. «Бұл әлдеқандай бір сандырақ», - десті олар.

Айта кету керек, соңғы жылдары Апокалипсис, яғния ақырзаман туралы өте жиі сөз қозғалып келеді. Соңғы рет әлем халқы майя күнтізбесінің дерегінен шығарып, ақырзаманды 2012 жылғы 21 желтоқсанда күтті. Бірақ адамзат одан аман кетті. Сосын биылғы жазда шотланд ғалымдары өз байламдарын айтты. Олар ақырзаманды енді бір миллиард жылдан кейін ғана күтуге болатынын жеткізді.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар