Оқиға • 18 Қыркүйек, 2020

Егісті әртараптандыруға мән берілді

367 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы жылы Қазалы ауданы­ның диқандары жалпы кө­лемі 17 675 гектарға ауыл шаруа­шылығы дақылдарын екті. Көктемгі науқан барысында әртараптандыру бағытындағы дақылдарға ерекше мән беріліп, былтырғымен салыстырғанда биыл жаздық бидай – 140, арпа – 108, тары – 4 және жүгері 200 гектарға артық егілді. Кү­ріш­пен салыстырғанда суды мейілінше аз «ішетін» бұл дақыл­дар диқандарды жаздағы қуаңшылық кезінде көп қиын­дыққа сала қойған жоқ.

Егісті әртараптандыруға мән берілді

Биыл ауданда картоп, көкө­ніс, бақша дақылдарынның кө­лемі де артып отыр. Мысалы, Сарыкөл ауылдық округіндегі «Данияр» шаруа қожалығы – 20, ал Ақжона ауылдық округі аумағындағы «Дүзбаев Әсет» қожалығы 23 гектарға түрлі дақылдар егіп, қазір өнімдерін өткізуде. Бұдан өзге 900 гектар көкөністің 40, ал жалпы көлемі 1050 гектар болатын бақша өнімдерінің 32 пайызы жиналды.

Табиғат жағдайына байла­ныс­ты басқа ауданға қарағанда күрішке орақ салуға кештеу кірі­сетін ауданда ораққа қаты­сатын жатка мен комбайнның 22 данасы шетелдік жоғары өнімді, сапалы, заманауи техникалар. Жалпы, қолда бар 42 комбайн, 29 жатка, 115 трактор, 40 жүк көлігі мен 59 трактор тіркемесі толық дайындықтан өтіп, егін жинау жұмыстарын бастауда.

Шаруашылықтар бойынша егін жинау науқанына қаты­сатын техникаларға қажетті қо­сал­қы бөлшектер мен қою май және жағар майдың қосымша қорлары жеткілікті.

Биыл аудандағы ауылшаруа­шылық құрылымдары «Қаз­АгроҚаржы» АҚ арқылы және басқа да қаржы көздерінен 652,5 млн теңгеге 22 техника сатып алуды жоспарласа, бүгінде 359 млн теңгеге 16 техника алын­ды.

Аудан бойынша күріштің суын байлау, ору және бас­ты­ру­дың кестесі бекітіліп, алқаптардың суын тарту 5 тамыздан басталып, бүгінде ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша 6 496 гектар күріштік­тің сағасы толық байланды.

Осы күнге дейін мың гектардан астам алқаптың күрішіне орақ түсіп, 490 гектар жердің күріші бастырылды. Орташа өнім гектарына 40 центнерден айналуда.

 

Қызылорда облысы