Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Атырау ауруханаларында 6 оттегі стансасы іске қосылады

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ​ Қабдықапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау ауруханаларында 6 оттегі стансасы іске қосылады

"Облыстық ауруханада, №2 облыстық ауруханада, облыстық кардиологиялық орталық пен Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандық ауруханаларында орталықтандырылған оттегі стансасының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Индер, Исатай аудандық ауруханаларында оттегі стансасын орнатуды қаржыландыру мәселесі қаралуда" деді Нұрлыбек ​ Қабдықапаров.

Оның мәліметіне қарағанда, медицина мекемелері 224 өкпені жасанды желдету, 27 рентген, 10 компьютерлік томография, 977 оттегі генераторымен, сондай-ақ,  1100 пульсоксиметрмен қамтылып отыр. Сондай-ақ, жеке қорғаныш құралдарының​ екі айлық қоры жасақталған. Дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры бар.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше