04 Қараша, 2013

Мухаммед Мурсиге қатысты сот ісі 8 қаңтарға қалдырылды

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04 11 - MursiМысырдың бұрынғы президенті Мухаммед Мурсиге қатысты сот ісі 8 қаңтарға қалдырылды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Аль-Ахрам» интернет порталының ақпары бойынша, сот өткен жылдың желтоқсан айындағы ереуілшілердің қаза болу ісіне байланысты жаңа деректерді зерттеу үшін қосымша уақыт алған.

Мухаммед Мурси кезекті сот отырысына дейін Бург-эль-Араб ауданындағы түрмеде болады. Ол 26 шілдеден осы уақытқа дейін Мысыр астанасы маңындағы әскери барлау қызметі меншігіндегі виллалардың бірінде қамауда ұсталып келді.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар