Көрсетілген қаулыға сәйкес темекі бұйымдарын міндетті түрде таңбалауға 2020 жылғы 1 қазаннан бастап құрамында темекі бар фильтрлі өзге де сигареттер және 2021 жылғы 1 сәуірден бастап стиктер, сигаралар, сигарилдер, қыздырылатын темекі сияқты темекі өнімдерінің өзге де түрлері жатады.
Сонымен бірге, Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдарға «Тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының және «Темекі өнімдерін таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қаржы министрінің бұйрығының жобаларын келісуге жіберді, жақын арада оларды бекіту жоспарлануда.
Бұл ретте темекі өнімдерінің қалдықтарын таңбалау көзделмеген.
«Темекі өнімдерін таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қаржы министрі бұйрығының жобасына сәйкес темекі өнімдерінің қалдықтарын жыл бойы 2021 жылғы 1 қазанға дейін фильтрлі сигареттерді және 2022 жылы 1 сәуірге дейін темекі өнімдерінің өзге де түрлерін өткізуге болады.
Салық төлеушілердің таңбаланған тауарлар айналымына қатысушылардың есепке алу жүйелерін пысықтауға белгіленген уақытын назарға ала отырып, темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу мынадай мерзімдерге сәйкес кезең-кезеңімен көзделген:
I кезең. 01.10.2020 жыл. Темекі бұйымдарын міндетті таңбалауды іске қосу және оларды бөлшек саудада өткізу кезінде айналымнан шығару.
Бірінші кезеңнің қатысушылары өнімге эмиссияны және таңбалау кодтарын енгізуді жүзеге асыратын темекі өнімдерін өндірушілер/импорттаушылар, сондай-ақ бақылау-касса машинасының көмегімен темекі өнімдерін сатуды жүргізетін бөлшек сауда буыны болады. Бұл ретте құжаттармен жұмыс істеу функционалы (қабылдау /беру актісі, хабарлама) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы ақпараттық жүйесінің Web-қосымшасында қолжетімді болады және айналымның барлық қатысушылары ерікті негізде пайдалана алады.
Сондай-ақ, таңбаланған өнімді тегін мобильді қосымшаның көмегімен шығаруға болады.
Таңбаланған темекі өнімдерін өткізу және есептен шығару үшін Data Matrix кодын оқитын 2D сканерді орнату қажет, бұл ретте 2D сканерінің құны 25 мың теңге және одан жоғары.
Сонымен бірге, цифрлық таңбалауды енгізудің бірінші кезеңінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 172-бабына сәйкес акциздік маркалар бойынша бақылау жүзеге асырылатынын атап өтеміз.
Бұл ретте, акциздік маркалар болмаған жағдайда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық қолданылатын болады.
II кезең. 01.01.2021 жыл. Тауарлар айналымына барлық қатысушылардың міндетті негізде қадағалануы шеңберінде құжаттарды жазып беруі.
Кезеңділік «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысымен де көзделген.
Сонымен қатар, бірінші кезеңде қадағалау шеңберінде құжаттарды жазып беру кезінде әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылмайтынын атап өтеміз.
Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) жұмыс істеу үшін https://elk.prod.markirovka.ismet.kz/login-kep сілтемесі бойынша өту және темекі өнімдерінің айналымына қатысушы ретінде тіркелу қажет.
Темекі өнімдерін таңбалау мәселелері бойынша толық ақпарат алу үшін 8 (800) 080-65-65 (қоңырау шалу тегін) телефонына немесе:
https://www.ismet.kz/ru/main/about-marking
https://www.facebook.com/markirovka.kz
https://t.me/markirovkatovarov сайтына хабарласуға болады.