04 Қараша, 2013

Каирде Мухаммед Мурси мен оның жақтастары соты басталды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04 11 - sot isiБүгін Каирде Мысырдың бұрынғы президенті Мухаммед Мурси мен «Мұсылман бауырлар» қозғалысының 14 жетекшісіне қатысты сот ісі басталды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Мухаммед Мурси мен «Мұсылман бауырлар» өкілдері адамдарды қантөгіс пен зорлық-зомбылыққа итермелегендері үшін айыпталуда. Өткен жылдың 5 желтоқсанында Каирдегі «Аль-Иттихадия» президент сарайының алдында кісі өліміне соқтырған қақтығыс аталмыш айыптың басты көрінісі ретінде қарастырылып отыр.

Сот отырысы өтіп жатқан полиция академиясы айналасында қатаң қауіпсіздік шаралары қабылданды. Онда Мухаммед Мурсидің жүздеген жақтаушылары жиналған. Қарулы күштер қаладағы негізгі жолдар мен аудандарды, сондай-ақ Тахрир алаңын бөгеп тастады.

Сотқа қатысатын журналистерге мекеме ішіне аудио немесе бейнежазба құралдарын, сондай-ақ ұялы телефон алып кіруге рұқсат берілмеген.

Айдар Өрісбаев.