04 Қараша, 2013

Қазақстан Дін істері агенттігінің басшысы тағайындалды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-11-43-dom ministrstvo-1

Бүгін, 4 қараша күні Премьер-Министр Серік Ахметов Дін істері жөніндегі агенттікке оның жаңа басшысы Марат Әзілхановты таныстырды. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметі хабарлады.

«Сіздердің ұжымдарыңыз алдында конфессия аралық келісім, азаматтардың дінге деген еркіндігі, діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ету секілді маңызды міндеттер тұр. Сіздерге осы жұмыста табыс тілеймін», деді Ахметов.

Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Марат Әзілханов агенттік бастығының орынбасары болып қызмет істеген. Мұның алдындағы агенттік басшысы Қайрат Лама Шәріп Президенттің Жарлығымен Қазақстанның Біріккен Араб Әмірлігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған болатын.

Сәкен Майлыбай.