Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Медициналық мекемелерге жедел жәрдем көлігі берілді

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерін алды. Бұған дейін облысқа ӨЖЖ аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген еді, деп хабарлайды  Egemen.kz

Медициналық мекемелерге жедел жәрдем көлігі берілді

Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ мен Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жеткізіліп отыр. "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы қайырымдылығының бірыңғай операторы – "Samruk-Kazyna Trust" Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қажетті жабдықтарды сатып алып, оларды өңірлерге жіберді.

Осылайша облысқа 20 оттегі концентраторы, 50 пульсоксиметр және бір өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ) жеткізілді. Сондай-ақ, Shevrolet Damas маркалы 4 жедел жәрдем көлігі келді.

"Қармақшы аудандық ауруханасына жеткізілген медициналық көлік халық игілігі үшін жұмыс істейтін болады. Осының арқасында жедел жәрдем бөліміне келіп түскен шұғыл шақыруларға уақытылы қызмет көрсету мүмкіндігі артады. Дәрігерлердің жұмысына көмек көрсету - халықтың денсаулығын жақсартуда үлкен қолдау деп есептеймін", деді атап өтті Қармақшы аудандық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев.

Меморандум аясында еліміздегі денсаулық сақтау жүйесіне 100 жедел жәрдем көлігі, 1 000 оттегі концентраторы, 50 ӨЖЖ аппараты, 1 000 пульсоксиметр жеткізілетін болады

"Бұл шаралардың барлығы біздің медицинамыздың жұқпалы аурулармен, соның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциямен күресуге дайындық деңгейін арттыруға және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған", дейді "Samruk-Kazyna Trust" Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

.