-Мен әлеуметтік желілерге түсетін барлық ақпараттарды мұқият қарап отырамын. Тек Жосалы кентінде ғана емес, ауылдық елді мекендерде де санитарлық тазалыққа қатысты түсетін шағымдар аз емес. Әрбір мекеме басшысы осы жұмысты бақылауда ұстап отыруы кажет. Жосалы кенті мен елді-мекендердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы барлық жауапты тұлғалардың үнемі бақылауында болуы тиіс, деді аудан әкімі.
Кент әкімі Ш. Сыдықов аудан басшысына тазалық мекемесімен келісім шартқа отырмаған жеке сектордағы көпқабатты тұрғын үй иелеріне қатысты жасалып жатқан жұмыстар жайлы айтып берді. Жалпы бұл бағытта атқарылып жатқан іс аз емес. Осындай игілікті іске тұрғындар да атсалысуы керек. Өйткені, тазалық бірдің емес, мыңның ісі.