Шара аясында елордадағы триатлон-саябақта ағаштар отырғызылып, автомобиль жолдары бойындағы қоқыстар жиналды. Акция кезінде санитарлық-эпидемиологиялық сақталды.
"Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында берілген орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу тапсырмасын орындауға бағытталған бүкілхалықтық акцияның тек бастамасы. Ағаш отырғызу ел бойынша әлі жалғасын табады. Негізінен осы жерде, елорда орталығында жаңа парк болады. Болашақта бұл ағаштар спортшыларды желден қорғайды. Азаматтар жиі келетін, демалуға ыңғайлы, әрі әдемі орынға айналады. Қоршаған ортаның жақсаруына әсерін тигізеді",- деді Экология, геология,геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Сенбілікке Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәжіліс Төрағасының орынбасары В.Божко, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен қала тұрғындары қатысты.