Қоғам • 19 Қыркүйек, 2020

Бүгінде елімізде 4550 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген - Аида Балаева

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі "Балаеваға 3 сұрақ" бағдарламасында отандық БАҚ-тың дамуы жайында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінде елімізде 4550 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген - Аида Балаева

"Тәуелсіздік жылдарында отандық БАҚ жаңа серпінмен дамып келеді. Егер 30 жыл бұрынғы журналистикамен салыстырып қарасақ, 1 республикалық телевизиялық арна мен 10 баспасөз басылымы болған еді. Ал бүгінде елімізде 4550 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Осы статистиканы тарқатып айтсақ, 3417 баспасөз басылымы, 172 телевизиялық арна, 74 радио, 600-ден астамы ақпараттық агенттіктер. Бұл деректерге қарап, елдегі БАҚ-тың қандай қарқынмен дамып келе жатқанын байқаймыз. Қазір бәсеке заманы. Бәсеке бар жерде даму бар", деді А.Балаева.

Оның айтуынша, бүгінде журналистиканың 80%-ы тәуелсіз БАҚ.  Олар қоғамда болып жатқан оқиғаларға байланысты альтернативті көзқарастар танытып, еркін пікірдегі ақпарат таратады.

Соңғы жаңалықтар