Қоғам • 21 Қыркүйек, 2020

Куәлікті поштадан күтеді

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы сегіз айда 18 мыңға жуық тұрғын жүргізуші куәлігін ауыстырыпты. Бірақ Индер, Исатай, Қызыл­қоға, Мақат және Махамбет аудандарының тұрғын­дары жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін Атырау қала­сындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына шапқылаушы еді. Сөйтіп қаржысын шығын­дап, уақытын жоғалтуға мәжбүр болатын.

Куәлікті поштадан күтеді

Енді олар өздері тұ­ра­тын аудандағы осындай ор­талықта куәлікті жаңар­та алады. Тіпті дайын құ­жат­ты поштамен алдыруына мүм­кіндік жасалып отыр. Осы мақ­сатты көздеген «Аза­мат­тарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясы» КеАҚ пен «Қазпошта» АҚ-тың Атырау облыстық филиалдары арасында екіжақты ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды.

– Шалғай аудандардың тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш беріп, тұрғылықты мекенжайын көрсетеді. Біздің қызметкерлер өтінішті мемлекеттік органға жолдайды. Құжат дайын болған соң Атырау қаласынан пош­тамен қызмет алушының үйіне дейін жеткізіледі. Ал пошташы қолдану мерзімі өткен ескі құжатты кері алып кетеді. Бұл – сапалы қыз­мет көрсетудің бір тетігі, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпо­рациясы» КеАҚ өңірлік фи­лиалының директоры Мұса Хайруллиев.

Құжатты жеткізіп беру қызметінің құны қымбат емес. Тапсырыс беруші бұл үшін 470 теңге төлейді. Ал пошташылар аудандарға күн сайын қатынайды.

 

Атырау облысы