05 Қараша, 2013

Стивенсті сілейтіп салды

226 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

04-11-13-gennadi golovkin-2Қазанның 3-і күні WBA және IBO белбеулерінің 72,6 килоға дейінгі салмақтағы иесі Геннадий Головкин өзінің осы атақ­тарын тоғызыншы мәрте қорғады. Ол АҚШ-тың Нью-Йорк қала­сындағы атақты «Мэдисон сквер гарден» спорт кешенінде амери­калық Кертис Стивенспен қолғап түйістірді. Қазақстандық кәсіп­қой боксшы ұзын саны 12 раундқа шақталған шайқастың 8-бө­лігінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Сөйтіп, ол биылғы жылы өткізген төртінші жекпе-жегін тағы да ұтыспен аяқтады.

 

04-11-13-gennadi golovkin-1

Қазанның 3-і күні WBA және IBO белбеулерінің 72,6 килоға дейінгі салмақтағы иесі Геннадий Головкин өзінің осы атақ­тарын тоғызыншы мәрте қорғады. Ол АҚШ-тың Нью-Йорк қала­сындағы атақты «Мэдисон сквер гарден» спорт кешенінде амери­калық Кертис Стивенспен қолғап түйістірді. Қазақстандық кәсіп­қой боксшы ұзын саны 12 раундқа шақталған шайқастың 8-бө­лігінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Сөйтіп, ол биылғы жылы өткізген төртінші жекпе-жегін тағы да ұтыспен аяқтады.

Әдеттегідей бұл жекпе-жектің алдында да қауырт қарбаласқа кезек берілді. Бұл жолы да болғалы тұрған кездесудің өзегіне алдын ала май құюға ұмтылушылық көрініс тапты. Сол «қызды-қызды» қолпаштардың бір қолатында екі боксшының да «тілдері шықты». Осы тұста өз су бүркушілерінің «өрмегіне» түсіп қалған Кертис Стивенс тіпті Геннадий Головкиннің бейітін қазуға бара жатқанын да айтып салды. Бірақ қанша жерден қарсыласының үрейін туғызып, құтын қашырып, мысын басу үшін айтылғанымен, бұл мәлімдеменің артықтау естілгені анық еді. Себебі, қапелімде көлденең келген көк аттының көкпарына айнала салатындай біздің бағлан да оңай шағылар жаңғақ емес-тін. Сонда да болса Гена шамына тиетін бұл сөздерге аса қатты шамырқана қойған жоқ. Ол өзіне тән байсалдылығымен бәрін рингтегі шайқастың шешетінін айтып, тоқтай қойды. Алайда, сөз қағыстыру сорабы мұнымен де тынбады. Сол кезде Геннадий алдағы шайқасты нағыз көшенің төбелесіне айналдырып жіберетінін айтып, әруақ шақырды. Осы сөздің оспағында: «Бұл шайқаста міндетті түрде нокаут болады. Мен әзірге оны кімнің жасайтынын білмеймін. Бұл – бокс. Алайда, өзімнің нокаутқа жібергім келеді», – дегенді бір ширатып өтті.

04-11-13-gennadi golovkin-2

Ақырында күткен күн де келді. Бәсеке Астана уақытымен жексенбі күні 7 сағат 45 минутта «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде басталды. Бірден айтып қояйық, шайқастың алдында ешкім де Кертис Стивенсті басты фаворит санаған жоқ. Сонымен бірге, оны әлсіздер қатарына да қосқан ешкім болмады. Қазір жасы 28-дегі бокс­шы осы кезге дейін кәсіпқойлар рингінде 28 ұрыс өткізіп, оның 18-ін нокаутпен тәмамдапты. Бірақ 3 рет жеңілістің ащы дәмін татқаны тағы бар. Бұған қарағанда, 31 жастағы Геннадий Головкиннің көрсеткіші әлдеқайда жоғары. Ол сол шайқасқа дейін шаршы алаңға 27 рет көтеріліп, бәрінде де мерейі үстем болған. Және бұлардың 25-інде ұрысты мерзімінен бұрын бітірген.

Боксшылар бұл жол­ғы шай­қасқа осындай жүкте­ме­­­лері­мен келді. Қазақ­­­станнан өз жерлестеріне қолдау көрсету үшін Серік Сәпиев бастаған көптеген жанкүйер барды. Солардың дуы­лы қанаттандырған Геннадий бірден арыстандай ақырып, алға атылды. Осы арқылы Кертисті әуелден арқан бойлап қашуға мәжбүр етті. Мұнда Генаның сол қолмен керемет жұмыс жасайтыны жедел басымдық алып бере бастады. Оның жойқын шабуылынан қорғанғысы келген Кертис сәт сайын бәсекелесінің сол қолымен жапыра ұрған қарсы соққысына түсіп қалып жатты. Гена ара-тұра оң қолымен де қақырата шалып өтіп тұрды. Бірінші минуттың соңында осындай екі соққы америкалық атлетті теңселтіп жібергендей болды. Осы тұста ұрыс басталмай жатып, аяқталып қалатындай болып көрінген.

Головкин сегізінші раундты өзінен көп ұтылып жүрген қарсыласын біржола іске алғысыз етіп тастауға деген ұмтылыспен бастады. Бірақ төзімділігіне тебен бойламайтын Кертис әріптесінің кезектесе соққан соққысынан басын екі жаққа қарай бұлғаңдата жүріп, бұл раундты да аяғымен тік тұрып аяқтады. Сол бетімен гонг естілгенде, өз бұрышына беттеді. Оның аяғын әрең сүйретіп келе жатқан қалпына, әлемтапырық болып кеткен бет-жүзіне сол кезде қарай қалған секунданттары бәрін де түсінді...

Жеңіс Геннадий Головкинге осылай келді. Мұның атын «техникалық нокаут» дейді. Осылайша, 28-ші ұрысында 28-ші мәрте жеңіске жеткен Гена әдетінше қазақтың оюлы шапанын киіп, алаң ортасында тұрды. Ал осы жеңісі үшін оған 400 мың АҚШ доллары тиесілі болса, америкалыққа 290 мың бұйырды.

PS. Материалдың толық нұсқа­­­сын газет сайтынан (news.egemen.kz) оқи аласыздар.

Руслан ИГІЛІК.