Оқиға • 21 Қыркүйек, 2020

Жайық Каспийге құятын өңірде...

1809 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туған жерде өткен балалық шақ, тарихқа айналған қимас күндер, қызықты адамдармен кездесулер ешқашан ұмы­тылмайды. Соның дәлеліндей, жақында Ре- с­ей­ден бір кітап жарыққа шық­ты. Кітап авторы – Атырауда дүниеге келген тарихшы, прозашы, ақын Валентин Тарабрин.

Жайық Каспийге құятын өңірде...

«Там, где Урал впадает в Каспий...» деп аталатын кі­тап Атырау қаласының 380 жыл­­дығына арналып отыр. Онда а­втордың өлеңдері мен  бал­ладалары, поэмалары мен әндері, эсселері мен про­­залық шығармалары топтас­тырылыпты. Автордың әр шығар­масында туған жеріне деген перзенттік сағынышы ерекше сүйіспеншілікпен өріледі.

Қаламгер «Звезда рыбака», «Луч в степи», «Трудное вре­мя Урала», «Тудаковы на Яике: истоки, легенды, факты», «По замерзшей меже» тақырыптарымен берілген өмір­баяндық очерктерде Кас­пий теңізінің алуан түрлі таби­ғатын сипаттайды. Өмірі өнегеге толы адамдармен кездесуден алған әсерімен бөліседі. Қаланың өркендеуіне қатысты бұрын айтылмаған қызықты оқиғаларды әңгімелейді.

Жинақта автордың жеке мұрағатында сақталған фотосуреттер де жарияланыпты.

 

Атырау облысы