Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020

Атырауда "Мен – жемқормын" әлеуметтік эксперименті өтті

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті алғаш рет осындай экспериментті қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда "Мен – жемқормын" әлеуметтік эксперименті өтті

"Шараның мақсаты – тұрғындардың сыбайлас жемқорлық фактілеріне деген көзқарасын анықтау. Біз тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік пен иммунитетті қалыптастырып, парақорлықтың зияны мен салдарын түсіндіргіміз келеді. Әлеуметтік эксперимент қорытындысымен тұрғындардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне көзқарасына мониторинг жүргіземіз. Бұл – театрландырылған қойылым түріндегі алғашқы әлеуметтік эксперимент" деді Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт.