05 Қараша, 2013

Алатаудың қос қыраны

445 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

IMG 3821Сұраншы, Саурық батырларға ұрпақтары ескерткіш орнатты

Елбасы «Тарихты танып, зерделеу керек, тарихты таразылау керек, сонда тағдырыңды, бүгінгі тұрпатыңды танисың, келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның сілемін зерделейсің...» деп нақтылаған. Осы орайда, Жетісу жерінде Сұраншы, Сау­рық батырларға ұрпақтары арнап салған ескерткіштің пердесі театрландырылған көрініспен ашылды. Дүйім жұрттың алдына шыққан Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов: «Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ұлттық тарихты қайта түлету туралы мәселеге арнайы тоқталған болатын. Бұл орайда Жетісу жерінде айбынды да, атақты Сұраншы мен Саурық батырларға арнап ескерткіш ашып отырмыз.

 

Сұраншы, Саурық батырларға ұрпақтары ескерткіш орнатты

IMG 3821

IMG 4057

Елбасы «Тарихты танып, зерделеу керек, тарихты таразылау керек, сонда тағдырыңды, бүгінгі тұрпатыңды танисың, келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның сілемін зерделейсің...» деп нақтылаған. Осы орайда, Жетісу жерінде Сұраншы, Сау­рық батырларға ұрпақтары арнап салған ескерткіштің пердесі театрландырылған көрініспен ашылды. Дүйім жұрттың алдына шыққан Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов: «Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ұлттық тарихты қайта түлету туралы мәселеге арнайы тоқталған болатын. Бұл орайда Жетісу жерінде айбынды да, атақты Сұраншы мен Саурық батырларға арнап ескерткіш ашып отырмыз.

Жетісу жерінде кешегі Қарасай, Наурызбай, Қабанбай, Райымбек батырлардан үзілмей келе жатқан батырлықтың алтын арқауын Саурық Ыстамбекұлы мен Сұраншы Ақынбекұлы жалғастырғанына тарих куә. Қос батыр ХІХ ғасырда Қоқан бектері мен қырғыз манаптарының үстемдігінен елді азат етіп, ғұмырларын ат үстінде өткізді.

Тарихи сын кезеңде елі үшін жандарын құрбан етіп, кең байтақ өлкені бізге аманаттап кеткен батырлардың арман-мүддесі бүгінгі күні орындалды.

Тәуелсіз ел болып, іргелі мемлекет құрдық. Тарихымызды түгендеп, салт-дәстүрімізді қайта жаңғырттық. Бүгін, міне, облыстағы ескерткіштер қатары тағы бір тұғырлы тас мүсінмен толығып отыр» деді.

Келесі кезекте, ҚР Парла­­мен­ті Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов, профессор, Мем­лекеттік сыйлықтың лау­реаты Сейіт Қасқабасов ұлт­тық құндылықты ғылыми тұ­жырыммен ұштастыра сөз сөй­леді. Қос батырға арналып өткі­зілген ақындар айтысында бас жүлдені жеңіп алған Сара Тоқтамысова арнау айтқан соң, батырлар аруағына бағыштала құран оқылды.

Сұраншымен замандас-құр­дас әрі ол жүргізген шайқас­тар­­ға қатысқан даңқты ақын Сүйін­байдың – «Ту алып жауға шықсаң сен» атты тарихи өлеңі мен «Сұ­ран­шы батыр» атты толғауы бар.

Жыр сүлейі Сүйінбай ескі жырауларша, бұрын Қарасай заманында Дулат пен Шапырашты дұшпанның тепкісін көрген жоқ еді деп, өткен өмірді айта отырып, Қарасайдың ержүректігін үлгі етіп, Сұраншы, Саурықты қайрап, Қарасай бабамыз қырық мың дұшпанға тайсалмай, өзі жалғыз тиетін деп, қайраттандыра жігерлендіріп алып:

– Ақтұяқ атқа мінесің,

Бүгін маған ересің.

Қаншама халқың ереді,

Оны да кейін көресің.

Ту алып жауға шықсаң сен,

Іледе жатқан Жаныс пен

Шапырашты, көп Дулат,

Олар да атқа мінеді.

Өздеріңдей болған соң

Сұраншы, Саурық – тірегі», – деп бір қайырады.

Сұраншы – тарихи тұлға, ол елін, жерін отаршылардан қор­ғаған қаһарман. Жыр-тол­ғау­ларда, аңыздарда ол мінсіз адам, сегіз қырлы, бір сырлы батыр. Сүйінбай да, Жам­был да осы тұр­ғыда бейне­леген Сұраншыны. Әсіресе, Жам­былдың Сұраншысы – классикалық эпостың баты­ры кейпінде көрінеді. Ол – адам­гершілігі мол, достыққа адал, дұшпанға қатал, жақсылық жа­сауға құмар үлкен жүректі азамат. Осындай ойды Саурық ба­тырға қатысты да айтуға болады. Сүйінбай да, Жамбыл да өз шығармаларында Саурықтың ерлігі жөнінде толғайды, оны Сұраншымен қатар атап, батыр ретінде көрсетеді. Сүйінбай:

– Руы Шапырашты Саурық батыр

Дулатқа асқар таудай емес пе еді?!

Кеше өткен дүниеден екі үстінің

Саурықпен қай жағынан теңеседі?!

– деп ойын жалғаса, Жамбыл: – Ба­тыр Саурық, Сұраншы жаудан өл­ген, Халық үшін шәйіт болып, жа­нын берген. Елді қорғап өл­­ген­нің арманы не, Қалың қазақ құр­мет­теп, соңына ерген, – деп түйін­деген.

Сөйтіп, елім деп жарғақ құлағы жастыққа тимеген Сұраншы батыр 1864 жылы Оңтүстік өлкесін қоқандықтардан азат ету үшін болған соғыста Сайрам бекінісіне жасаған шабуыл кезінде ерлікпен қаза табады.

Әсілі, ат шаптырмай астың сә­ні кірген бе?! Бұл күні де тай, құ­нан, топ, аламан бәйге, жорға жа­рыс өткізілді. Аламан бәйгеде Ғабит Үмбетовтің «Қарақұс» ат­ты тұлпары өзге аттардан қара үзіп оза шауып мәре сызығын бі­рін­ші болып қиды. Бас бәйгеге ті­гіл­ген «Джип» авто­кө­лігін жеңіп алды. Ал жорға жа­рыста Жамбыл ауданының «Көк­жорғасы» төрт аяғынан тайпала жорғалап, бірін­ші орынға тігілген шетелдік авто­көлікті иеленді.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.