05 Қараша, 2013

Күн тәртібі қаралды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

 

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Бюрода Конституциялық заң­нама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары коми­те­ті­не Қазақстанның Түрік Респуб­ли­касымен сотталған адамдарды беру туралы келісімді және Қы­тай Халық Республикасымен сотталған адамдарды беру туралы шартты, сондай-ақ, Қазақстан мен Чехия арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификация­лау туралы заң жобалары берілді.

Бюро мүшелері, одан басқа, биылғы 7 қарашада болатын палата отырысының күн тәр­ті­бін талқылады. Отырыста халық­ара­лық құжаттарды ратификациялау туралы бірқатар заң жобаларын қарау жоспарланып отыр. Олар – Түрік Республикасымен сотталған адамдарды беру туралы келісім, Қытай Халық Республикасымен сотталған адамдарды беру туралы шарт және Қазақстан мен Чехия арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт. Сондай-ақ, сенаторлар еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қарайтын болады.