05 Қараша, 2013

Аймақаралық форум – маңызы зор шара

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев өткізген дәстүрлі брифингте ағымдағы аптаға жоспарланған негізгі шаралар хабарланды.

 

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев өткізген дәстүрлі брифингте ағымдағы аптаға жоспарланған негізгі шаралар хабарланды.

Атап айтар болсақ, аптаның басты іс-шарасы 10-11 қарашада Ресейдің Екате­­­рин­бург қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық форум бол­ғалы отыр. Оған екі елдің Прези­­­дент­­­­тері қатысады деп жоспарланған. Осы ап­та­ның еншісіндегі тағы бір айтулы шара – 5-11 қараша аралығында Қы­­тай Ха­лық Республикасында өтетін Қа­зақ­­­стан­ның Мәдени күндері. Сонымен қа­тар, 6 қарашада Бейжіңде Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Мәдениет және ақпарат ми­нистрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қаты­­суы­мен екі ел арасындағы мәдени-гума­ни­­­тарлық ынтымақтастық жөніндегі кі­ші ко­митеттің 9-шы отырысын өткізу жос­пар­­­ланған.

Ал 6-7 қарашада Алматыда Медици­налық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы – Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қоры – ЮНИСЕФ-тің Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық конференциясы өтеді. 7 қарашада Астанада Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің қатысуымен «Геологиялық сала және жер қойнауын пайдалану саласы дамуының перспективалары мен негізгі бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

Осы күні, сондай-ақ, Астанада «Ж­аңа Жібек жолы» II халықаралық кө­лік-ло­гистикалық бизнес-форумы өтеді. Оны­мен қоса, дәл осы күні «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ-та Премьер-Министр Серік Ахметов ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің дайындығы мен өткізу жөніндегі Мемлекеттік комис­­­сияның көшпелі отырысын өткізеді. Ал Мәжілісте «Астана ЭКСПО-2017» Халық­ара­лық мамандандырылған көрмесін ұйым­дастыру және өткізу мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар