05 Қараша, 2013

Сенім грамотасын тапсырды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осло қаласында Қазақстан Респуб­­­ли­касының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Тәжиев Норвегия Королі V Харальдқа Сенім грамотасын тапсырды, деп хабар­­­­­­лады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Ресми салтанат барысында Король қазақстандық дипломатты тағайындаумен құттықтай отырып, кәсіби дипломатия саласында табыстар тіледі. Бұл ретте, мемлекетіміздің даму перспективаларын жоғары бағалай келе, ол Осло қаласында Қазақстан елшілігі мәртебесінің күшеюіне байланысты ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде, елші Норвегия монархын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ақпаратпен таныстырып, екі-жақты ынтымақтастықты, соның ішінде ғылыми-технологиялық, білім беру және т.б. салаларда нығайтудың мүмкіндіктерін атап өтті.

Норвегияның мәдениет және спорт салаларын дамыту бойынша әртүрлі қорларды басқарып жүрген Король Харальд Қазақстанның тарихи мұрасының бай екендігі туралы және Астананың 2022 жылы XXIV Қысқы Олимпия ойындарын өткізуіне берген өтініміне байланысты ақпаратты қызығушылықпен қабылдады.