Парламент • 21 Қыркүйек, 2020

Қырғызстан 2021 жылдың 15 тамызына дейін кеден пунктерін жаңғыртуды аяқтауға тиіс

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан 2021 жылдың 15 тамызына дейін кеден пунктерін жаңғыртуды аяқтауға тиіс

Онда "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды.

Құжатта халықаралық шарттар мен ЕАЭО құқығын құрайтын актілердің кедендік құқықтық қатынастарды реттеу талаптарына сәйкес Қырғыз Республикасының ЕАЭО кедендік шекарасындағы өткізу пунктерін жаңғырту мерзімін шарт күшіне енген күннен бастап 72 айға дейін ұзарту туралы айтылған. Қырғыз Республикасы осы мерзімде сыртқы өткізу пунктерін талапқа сай келтіріп, ветеринариялық, санитариялық, фитосанитариялық, радиациялық бақылау жүргізуге арналған жабдықты және кедендік бақылау жүргізуге арналған тасымалданатын жабдықты, оның ішінде рентген техникасын тексеріп қарау құрылғыларын орнату қажет.

Құжат Палатаның қарауына берілді.