Оқиға • 22 Қыркүйек, 2020

COVID-19 дағдарысынан кейінгі әлем туралы очерк

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

COVID-19 дағдарысынан әлем қандай сабақ алуы тиіс және пандемияның саяси салдары – Назарбаев Университеті Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры, доктор Жан-Франсуа Каронның жаңа кітабы дәл осы мәселелерге арналған. Оның «COVID-19 дағдарысынан кейінгі әлем туралы очерк» атты еңбегін халықаралық жетекші Springer баспа үйлерінің бірі жариялады.

COVID-19 дағдарысынан кейінгі әлем туралы очерк

Доктор Каронның кітабы бірнеше эсседен тұрады, онда автор либерализмнің сын-қатерлері мен жаһандануды басқару мәсе­ле­сінде дағдарыс ашқан жаңа мүмкіндіктер туралы айтады. Профессор өз еңбегінде COVID-19 дағдарысына байланысты Қытай мен Батыс елдері арасындағы қатынастардың динамикасына да көңіл бөлді.

«Әлем көзге көрінбейтін және ұстатпайтын жаумен соғысуда, бұл барлық елдерді теңдессіз шараларды қолдануға мәжбүр етті. Әрине, бұрын мұндай жағдайлар да болған сияқты, адамзатқа төн­ген кез келген қатер терең саяси толқуларға, тіпті әлем­дік тәртіптің өзгеруіне әкел­уі мүмкін», дейді доктор Жан-Франсуа Карон.

Springer баспасы доктор Каронның жұмысын «COVID-19 дағдарысының саяси салдарын және халықаралық экономикада болуы мүмкін жүйелік өзгерістерді қарастыратын алғашқы кітап» деп атады.

Бұл жұмыс саясаттанушылар мен философтар үшін де, жалпы жұртшылық үшін де, пандемиядан кейін әлем қандай болатындығы туралы ұдайы ойлайтын адамдар үшін де қызықты болады.

Айта кетелік, доктор Жан-Франсуа Карон Назарбаев Уни­вер­ситетінің Саясаттану және халықаралық қатынастар ка­фе­дра­сының қауымдастырылған профессоры. НУ-да жұмыс істемес бұ­рын, доктор Карон Монктон уни­­верситетінде (Канада),
сон­дай-ақ Лаваль, Шикутимидегі Кве­бек университеттерінде, Брюс­сель­дің еркін уни­вер­си­те­тін­дегі Еуро­па­лық зерттеулер инсти­ту­тында сабақ берді.

Доктор Каронның зерттеулері көпұлтты мемлекеттердегі бірлік пен саяси тұрақтылық мәсе­ле­ле­рін зерттеуге, этномәдени әр­түр­лілік контекстіндегі ұлттық сәйкестілікті бағалауға, сондай-ақ қазіргі әскери этикаға бағытталған. Оның монографиялары «Саясат», «Саясат тарихының хабаршысы», Ұлтшылдық және этникалық саясат, Ұлттық сәйкестілік, Кана­да­лық халықаралық зерттеулер журналы, Мәдениетаралық зерттеулер журналы және Әскери этика журналы сияқты әртүрлі журналдарда жарық көрді.