Саясат • 23 Қыркүйек, 2020

Қазақстандық келісім үлгісі

312 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Мәскеу қаласында өткен Еуразия халықтары Ассамблеясының Халықаралық бейбітшілік күніне арналған онлайн-акциясына қатысты.

Қазақстандық келісім үлгісі

Акция бейбітшілік пен келісімді сақтау жолындағы аса маңызды мәселелерді талқылауға арналды.

Кіріспе сөзінде Ж.Түймебаев: «Бүгінгі таңда барлық елдер пандемияға және экономикалық өсімнің баяулауына байланысты күрделі кезеңдерді бастан өткеруде. Мұның бәрі әлеуметтік мәселелердің шиеленісуіне, ал кейбір жағдайларда ксенофобияның, этноконфессиялық жанжал көріністерінің ұлғаюына ықпал ететіні баршамызға мәлім.

Мәдениеттер мен құндылықтардың алшақтауының көрінісі, мигрантофобия мен нәсілшілдіктің өсуі, өзара бейімделу процесінің қиындықтары бұрын сәтті жүргізілген этномодельдердің ХХІ ғасырда кейде жұмыс істемей отырғанын көрсетті. Керісінше, әлем бұрынғыдай, қазіргі ахуал талаптарына сай келетін, бірліктің жаңаша формулаларын жасау процесінде болып отыр. Сондықтан бірлікті қамтамасыз ету міндеті көп құрамды барлық мемлекеттердің негізгі күн тәртібінде қала береді», – деді.

ҚХА Төрағасының орынбасары өз сөзінде Қазақстан ынтымақтастыққа ұйытқы болған мемлекет екендігін атап өтті: «Әлемнің 60-тан астам елі мен аумағы біздің этностарымыздың тарихи отаны болып табылады. Заң алдындағы теңдік, қоғамдық келісім, «Әралуандықтағы бірлік» қағидаттары біздің баға жетпес бай­лығымыз және стратегиялық ресурсымызға ұласты.

1995 жылы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрыл­ған Қазақстан халқы Ассамблеясы этнос­аралық өзара іс-қимылдың негізгі инсти­тутына айналды. 25 жыл бұрын ол 40-қа жуық этно­мәдени бірлестіктерді бірік­тірсе, бүгінгі таңда мұндай құрылымдар саны мыңнан асады. Бүкіл ел аумағында татулық пен келі­сімнің азаматтық орта­лық­тарына айнал­ған қырықтан астам Дос­тық үйі бар.

Біздің интеграциялық модель, ең алдымен, ортақ құндылықтар, этностардың тілдері, мәдениеті, дәстүрлері біздің жалпы мәдени байлығымызды құрайтын ел­дің жалпы мәдени кеңістігі негізінде құры­лады.

Әлемді бірге қалыптастыра отырып, біз әріптестерді полиэтносты қоғамдарда тату­лық пен бірлікті нығайтудың тиімді формуласын іздеу үшін күш-жігерді біріктіруге шақырамыз», деді Жансейіт Түймебаев.

Конференция жұмысына сондай-ақ көрнекті қоғам және ғылым қайрат­кер­лері, ЮНЕСКО, БҰҰ халықаралық ұйым­дарының және Ресейдегі дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты.