Экономика • 23 Қыркүйек, 2020

Темір жолмен 267 млн тонна жүк тасымалданды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл жыл басынан бері елімізде темір жол көлігімен жүк тасымалдауда оң серпін бар.

Темір жолмен 267 млн тонна жүк тасымалданды

Былтыр осы кезеңде аталған көрсеткіш 263 млн тонна болса, биылғы 8 айда 267 млн тоннаға жетіп, 1,5% өсім болды. Бұған Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жос­пар шеңберінде уақтылы қа­бы­л­данған шаралар ықпал етті.

Атап айтқанда, жүк жө­нел­ту­шілер үшін жүктерді сақ­тау, вагондардың тұрғаны үшін алымдар мен төлемдер, сондай-ақ айлық өтінімдер бойынша тиеу жоспарын орындамағаны үшін салынатын айыппұлдар алынып тасталды.

Бұдан басқа, төтенше жағ­дай кезінде және амалсыз бос тұрған уақытта жолаушыларды тасымалдаушыларды қолдауға кеткен шығындарды субсидиялау және еңбекақы төлеу қорына қатысты шаралар қабылданды.