WTA тізімінде 18 сатыға жайғасқан Елена Рыбакина тұсаукесер кездесуінде әлемдік рейтингте өзінен әлдеқайда төмен тұрған бельгиялық Гретье Минненді (111 орын) ұтса, келесі кезеңде франциялық Ализе Корнемен (52 орын) кездесті. 1 сағат 49 минутқа созылған бұл бәсеке де жерлесіміздің мерейі үстем болды. Енді ширек финалда Рыбакина қытайлық Чжан Шуаймен шеберлік байқасады.
Алғашқы айналымда америкалық Кристина Макхэйлден (81 орын) басым түскен еліміздің тағы бір дарынды теннисшісі Зарина Диас (76 орын) бүгін жапониялық Нао Хибиномен (84 орын) күш сынасты.