Дөңгелек үстел жұмысына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, орталық және жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Өз сөзінде А.Балаева мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның қоғамдық бақылауды дамытудағы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
Министр «Азаматтық альянстың» жаңа президенті Б.Нұрғазиеваға: «Біз Қазақстанның Азаматтық альянсы азаматтық белсенділіктің негізгі өзегіне айналып, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасында тұрақты байланыс орнататын маңызды элемент болатынына сенімдіміз», деді.