«18 килогерц» – бұл 90-шы жылдардың соңындағы жасөспрімдердің өмірінен сыр шертетін фильм.
«18 килогерц» – ересектер естімейтін дыбыс жиілігі. Фильм жасөспірімдердің проблемаларына арналған... Есейген сайын жас буынның қиындықтарын түсіну қиындай беретіні анық. Өзіміз де жасөспірім болдық, кейбір проблемалар шешілмейтіндей болып көрініп еді. Тіпті тығырықтан шығатын жол таба алмай, тұла бойыңды қорқыныш билеген кездер де болады. Біздің фильм сол кездерді еске алу үшін арнайы түсірілді», деді режиссер Фархат Шәріпов.
Фильмнің түсіру жұмыстары Алматы қаласында жүргізілді. Басты рөлдерде Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со секілді жас актерлер ойнады.
Әлемдегі ең беделді кино байқаулардың бірі – Варшавадағы халықаралық кинофестиваль негізі 1985 жылы қаланған болатын. Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығының федерациясы шешімімен 2009 жылы бұл фестивальға «А» санаты берілген болатын.
Биыл коронавирус індеті салдарынан дүние жүзінде орын алған ауыр жағдайға қарамастан Варшава кинофестивалі қазанның 9-ы мен 18-і аралығында әдеттегідей дәстүрлі форматта өтеді.
Одан бөлек, отандық «18 килогерц» фильмі Азиядағы ең ірі фестивальдардың бірі – қазанның 21-і мен 30-ы аралығында өтетін 25-ші Халықаралық Пусан кинофестивалінің (BIFF) конкурстық бағдарламасына қатысады. Кинотуынды «Азиялық киноға терезе» (A Window on Asian Cinema) атты бағдарламасында көрсетіледі.