Коронавирус • 24 Қыркүйек, 2020

Елімізде коронавирус жұқтырған 95 адамның жағдайы нашар

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде коронавирус жұқтырған 95 адамның жағдайы нашар

"Қазір коронавирустық инфекциядан 3 495 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 810 науқас жатыр. 1 685 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 95 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 79 адамнан коронавирус анықталды, 104 адам індеттен айықты. Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 228 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.