06 Қараша, 2013

Қазақ тілі мұғалімдерінің форумы

455 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

ERA 5598«Назарбаев зияткерлік мек­­тептері» дербес білім беру ұйы­мының білім беру бағдар­­ламалары орталығы еліміздің қазақ тілі мұғалімдері үшін республикалық форум ұйымдастырды.

 

«Назарбаев зияткерлік мек­­тептері» дербес білім беру ұйы­мының білім беру бағдар­­ламалары орталығы еліміздің қазақ тілі мұғалімдері үшін республикалық форум ұйымдастырды.

ERA 5598

Қазақ тілін оқытудағы Назар­баев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін жалпы білім беретін мектептер арасында тарату, қазақ тілін оқытудағы жаңа тәсілдер мен әдістемелерді бөлісу, үштұ­ғырлы тіл саясатының шеңберінде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, қолданылу аясын кеңейту жолдарын қарастыру мақсатында өткізілген шара білім беру сала­сындағы 300-ге тарта маманның басын қосты. Атап айтсақ, Білім және ғылым министрлігінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының, Зият­керлік мектептердің, олармен әріп­тестік жүргізетін базалық мек­тептер мен еліміздің әр өңі­рін­дегі жалпы білім беретін орта мектептердің өкілдері келді, бұл форумға.

Форумды қысқаша сөз сөйлеп ашқан «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова мемлекеттік тілдің дамуына ерекше үлесін қосып жүрген әріптестерінің ең­бегін жоғары бағалай келіп, заманында бәсекелестікке қабі­летті жас ұрпақты тәрбиелеп, өсі­­руде жалғыз ғана қазақ тілінің аз­дық ететінін, Елбасымыздың бас­та­масымен қолға алынған үш­тұ­ғырлы тіл саясатының алға қо­йып отырған мақсаттарына қол жет­кізу үшін әлі де аянбай тер тө­гу қажет екендігін атап көр­сет­ті.

– Біз өзге тілдерді жан-жақты даму үшін үйренеміз. Әрине, қазақ тілі үнемі бірінші орында тұруы керек, – деді К.Шамшидинова.

Форумның пленарлық бөлі­мінде білім беру бағдарламалары орталығының аға менеджерлері Жанабай Абуов пен Лейла Нұра­қаева жиналғандарды Зият­керлік мектептерде қолданы­ла­тын кіріктірілген білім беру бағдарламаларымен таныс­тыр­ды. Бұл бағдарламалар білім беру процесінің негізін құ­рай­­ды, олар отандық және ха­лық­­аралық тәжірибенің озық үлгілерін кіріктіреді. Аталған құжат­тарды әзірлеуге Зияткерлік мек­­теп­тердің практик мұғалімдері мен Кем­бридж халықаралық емти­хан кеңесінің мамандары атса­лысты.

Қазақ тілін оқытуда басты назар оқушылардың сөй­леу, тыңдау, айту және есту дағ­­ды­­­ларын дамытуға аудары­лады. Бұл дағдыларды дамыту оқу­шылардың ақпаратты өзді­гінен іздеп, тауып, зерттеп, зерделеп, керегін іріктеп ала алатын, өз пікірін дәлелмен, дәйекпен өре білетін тұлға болып қалыптасуына септігін тигізбек.

Форумға қатысып, баяндама жасаған халықаралық сарапшы – қостілді оқытуды әзірлеп, басқару жөніндегі кеңесші, PhD Питер Мехисто пәннің мазмұ­ны­­на негізделген тілді оқыту маңызы­на тоқталып өтті. Зияткерлік мек­тептердің қазіргі қолданып отыр­ған әдісі де пән мен тілді кіріктіріп, тіл сабақтарында пән мазмұнын, ал пән сабақтарында тілді қоса үйретуге көңіл бөлуге негізделеді. Үштұғырлы тіл саясатын қолдайтын Зияткерлік мектептерде оқушылардың оқу тіліне қарамастан, бірқатар пәндердің қазақ, бірқатарының орыс, ал тағы біразының таза ағылшын тілінде оқытылуы қазіргі таңның өзінде жемісін беріп келеді. Ана тілі емес, өзге тілде пәнді оқи бастағанда, әуелі біраз қиналатын оқушылар кездессе де, уақыт өте келе пән бойынша тиісті білімді де, тілді де еркін меңгеріп, оқып отырған тілінде ана тілінен кем сөйлемейтініне көз жеткізілуде.  

Форум аясында Зияткерлік мектептердің мұғалімдері өз тәжі­рибесінде қолданатын оқыту­дағы инновациялық әдістері бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. Жалпы, білім беретін мектептердің мұғалімдері өз тәжірибелерінде қолдануға болатын бірқатар жаңа әдіс-тәсілдерді, сабақ үлгілерін көріп, сұрақ-жауап алмасты. Сондай-ақ, форум барысында Зияткерлік мектеп мұғалімдері дайындаған әдістемелік құрал­дардың көрмесі өткізілді. Форум қатысушылары Орталық мамандары әзірлеген Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі бойынша әдістемелікті, Көкшетау қала­сының физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебі мұғалімдері дайындаған қазақ тілі бойынша озық тәжірибелер, үлгілер жинақталған құралды еншілеп, олжалы қайтты.

Форум соңында қатысушылар диалог алаңына жиналып, ал­ған әсерлерімен бөлісті. «Қа­зақ ті­лі­нің қолданылу аясын ке­ңей­­­­­тудегі инновациялық әдіс­тер­­­­дің маңызы», «Пәндік-тіл­дік кіріктірілген білім беру әді­сі­нің екінші тілді оқыту­да­ғы мүм­­кіндіктері» және «Оқу­шы­лар­дың коммуникативтік дағ­ды­­ларын дамыту – уақыт талабы» тақырыптарында өткі­зілген талқылауларда мұғалім­дер қауымы өз ой-пікірлерін айтты. Олар бұл шараны ұйым­дасты­ру­шыларға риза­шылық­­­тарын біл­діріп, қазақ тілінің қол­данылу ая­сын кеңейтуде жинақ­талған тәжі­­ри­бені ел аумағында тарату қажеттігі туралы тілектерін білдірді.

Ботагөз ҚАЗБЕК,

Білім беру бағдарламалары орталығы редакциялық

бөлімінің аға менеджер-редакторы.