Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020

Шымкентте көпқабатты 18  тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті

30 рет көрсетілді

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Шымкент қаласында 70 көп қабатты үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі таңда 18 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал 37 тұрғын үйде жұмыстар жалғасу үстінде. 1 үйде жұмыстар енді басталатын болса, қалған 14 үйдің тұрғындары жөндеу жұмыстарын өздері жасағандықтан бастартқан. 

Аяқталған жұмыстардың сапасын тексеру мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйлерге барды. 

Ерімбетов көшесіндегі №34а, 30, 33, 9 тұрғын үйлердің шатырлары ауыстырылып, кіреберіске жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кейбірінің қасбеті жаңа кейіпке енсе, енді бірінің лифттері жөнделген. Одан өзге жертөле, кәріз жүйесі, электротехникалық және монтаж жұмыстары атқарылған. 

Модернизациялау жұмыстарына жауапты - «Тұрғын үй- Шымкент» ЖШС-і мердігер мекемесі.   

Мұрат Әйтенов тұрғын үй төрайымдарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды көрді. Сондай-ақ, сала басшысына жұмысы аяқталмаған нысандарды мерзімінде сапалы аяқтауды жүктеді. 

Соңғы жаңалықтар

Салымшыларға 887 пәтер

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қысқа дайындық толық аяқталды

Аймақтар • Бүгін, 07:46

Қажетті отынның 70%-ы жеткізілді

Аймақтар • Бүгін, 07:43

Қарсыласы ауырып қалыпты

Спорт • Бүгін, 07:38

Чемпиондар лигасы басталды

Футбол • Бүгін, 07:36

Францияға жол түсіп тұр

Оқиға • Бүгін, 07:33

Бөтенге сәлем

Руханият • Бүгін, 07:19

Қос ішекті қоңырым

Руханият • Бүгін, 07:14

Оңтайлы интеграцияланған жүйе

Экономика • Бүгін, 07:13

Не оқып жүрсіз?

Таным • Бүгін, 07:00

Бейсауат жүріске шектеу қойылды

Аймақтар • Бүгін, 06:49

Қауіпті індет қайта көбейді

Аймақтар • Бүгін, 06:45

Жаңа аурухана мен жаңа көліктер

Аймақтар • Бүгін, 06:39

Толық адам танымы

Абай • Бүгін, 06:37

Үміткерлер анықталды

Абай • Бүгін, 06:36

Жетісу қыс маусымына дайын ба?

Аймақтар • Бүгін, 06:13

Қазір көмір арзан сатылып жатыр

Аймақтар • Бүгін, 06:11

Қаралы қазан

Футбол • Бүгін, 06:00

Ұқсас жаңалықтар