Қаржы • 25 Қыркүйек, 2020

«Tengri Bank» АҚ салымшыларының назарына!

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Қазақ­стан Республикасының екiншi дең­гейдегі банктерiнде орналас­ты­рылған депозиттерге мiндеттi ке­пiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Tengri Bank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтем төлеу шарасы басталатындығын хабарлайды.

«Tengri Bank» АҚ  салымшыларының назарына!

«Tengri Bank» АҚ салымшылары (жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер) 2020 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңде агент банк – «Еуразиялық банк» АҚ филиалдары немесе бөлімшелеріне жү­гініп, төлем алуға өтініш толтыра алады. Салымшы агент банкке жеке басын куәландыратын құжатпен баруы тиіс. ҚДКБҚ агент банктің кепілдік берілген өтем төлеу кезеңін ұзартуы мүм­кін.

Агент банктің барлық қала­лардағы филиалдары мен бөлім­шелерінің мекенжайлары және жұмыс тәртібі туралы ақпарат eubank.kz ресми сайтында және банктің анықтама қызметінде қолжетімді: +7 (727) 332 77 22, +7 (771) 000 7722, +7 (700) 000 7722, +7 (702) 010 7722.

Агент банк арқылы өтем төлеу аяқталған соң, «Tengri Bank» АҚ салымшылары төлем алу жөнінде тікелей Қорға өтініш бере алады.

Төлем тәртібі және кепілдік берілген өтемнің максималды со­малары туралы мамандардың ақыл-кеңестерін мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: 1460 (қоңырау шалу тегін).