Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2020

Алтын контрабандасымен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

649 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құқық қорғау органдарының бірлескен күштері алтын контрабандасы бойынша қылмыстық әрекетті әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ сілтеме жасап.

Алтын контрабандасымен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Ақмола облыстық Полиция департаментінің және прокуратурасының қызметкерлері Ұлттық ұлан күштерін тарта отырып, өндірістік объектілерде алтындарды ұрлаумен және контрабандамен айналысатын ұйымдасқан топтың қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесті.

Топ мүшелері Степногорск қаласы мен Шортанды ауданының аумағында орналасқан кен орындарынан құрамында алтыны бар кенді өндірген.

Сондай-ақ шикізатты өңдейтін тоғыз жасырын шағын цех жойылды. Мұнда алтын кеннен қолмен өндіріліп, шетелге шығарылған. Полицейлер барлығы жеті қылмыстық топты əшкереледі. Олардың құрамында жақын шет мемлекеттердің азаматтары да болды.

Тінту 72 объектіде жүргізілді. Заңсыз айналымнан 26 тоннадан астам кен, 10 келіге жуық алтын, 3 келіден астам күміс тәркіленді. Одан өзге полиция қызметкерлері алты ұсақтау қондырғысын, байланыс құралдарын, кеңсе техникасын, ақша қаражатын, арнайы техника мен автокөлікті анықтады. Бұларды топ мүшелері өздерінің заңсыз әрекеттері үшін пайдаланған.

Құқық қорғау органдарында қылмыстық әрекеттің барлық анықталған эпизодтары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір 10 адам қамауда. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.