Президент • 25 Қыркүйек, 2020

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

648 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Фото авторы: Максим Золотухин

"Сапар барысында Қазақстан Президенті қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалымен танысады және медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі. Сонымен қатар білім беру орталығын, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды аралап көреді деп жоспарланған", дейді Б.Уәли.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қоғам қайраткерлерімен және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізетінін жеткізді.