Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын солтүстік-батыс антициклоны анықтайды. Оның келуімен ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.
Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігі циклон жырасының ықпалында болады, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.