Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2020

Қостанай облысының әкімі қанша айлық алады?

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің бастамасымен өтіп жатқан Antikor live жобасы аясында сөз сөйлеп, оны Instargram желісіндегі жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысының әкімі қанша айлық алады?

Аймақ басшысы "Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес" атты жалпыреспубликалық шараға қолдау көрсетті. Әкімдіктерді ашық әрі қолжетімді ету мақсатында облыста атқарылып жатқан шаралар жөнінде сөз өрбіткен өңір басшысы өзінің еңбекақы мөлшерін де атап, айына 766 мың теңге жалақы алатынын айтты. 

"Жергілікті атқарушы органдар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударуда. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және алдын алу жөніндегі іс-шараларды айқындайтын бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша шаралар тұрақты негізде қабылданады. "Өңірлер – сыбайлас жемқорлықтан ада» жобасын іске асыру аясында 2018 жылдан бастап "Қостанай – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жұмыс істейді, оның мақсаты азаматтар үшін кедергісіз және жайлы жағдайлар жасау, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ парасаттылық, адалдық және әділдік сияқты қағидаттарды тарату болып табылады. Құрметті қостанайлықтар! Егер сіздерді толғандыратын сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, пост түсініктемелерінде көрсетуді сұраймын", деді Архимед Мұхамбетов.

Аталған акцияның биыл "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің бастамасы бойынша қолға алынғанын айта кеткен жөн. Таяуда ғана Қостанай облысына республикалық кеңсе басшысы Төлеген Байғұлов жұмыс сапарымен келіп, қала және аудан әкімдерін "Өңірлер – сыбайлас жемқорлықтан ада" жобасына қолдау көрсетуге шақырған. Жалпыреспубликалық шара биылғы 9-желтоқсанға дейін жалғасады.