"Тұрғын үй қалашығы" ықшамауданындағы көпірге бағыт алған трактор жүргізушісі жол жиегіндегі темір қоршауға соқтығысқан. Соққының екпінімен Nissan Teana автокөлігіне соғылып, жолдың қарама қарсы бағытына шығып кеткен. Соның салдарынан қарсы бағытта келе жатқан Ваз 2114 көлігіне соқтығысып, жол жиегіне аударылып қалды", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қаланың қақ ортасында трактордың аударылуынан ешкім жарақат алмады. Қазір аталған жол апатына байланысты сараптама тағайындалды.