06 Қараша, 2013

Тәжікстанда президент сайлауы өтіп жатыр

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06-11-13-vybory-tadjikistan-1

Бүгін, 6 қараша күні Тәжікстанда президент сайлауы өтіп жатыр. Жергілікті уақыт бойынша 6:00 сағатта 68 округтік сайлау комиссиялары мен 3 158 учаскелік сайлау учаскелері жұмыстарын бастады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Бұлардан бөлек, елден сырт жақтарда 60 учаске ашылды. Олардың 24-і Ресей жерінде орналасты. Мемлекеттік баспаханалар тәжік, орыс, өзбек және қырғыз тілдерінде 4 млн. данадан астам бюллетень басып шығарды.

Сайлауға 5 үміткер түсті. Олардың арасында қазіргі билік басындағы Халық-демократиялық партиясынан – Эмомали Рахмон, Коммунистік партиядан – Исмоил Талбаков, Аграрлық партиядан – Толиббек Бухориев, Экономикалық реформа партиясынан – Олимджон Бобоев және Социалистік партиядан Абдухалим Гафаров бар.

Сайлаудың барысын 500-ден астам халықаралық бақылаушылар қадағалап отыр. Олар 30-ға жуық елдің өкілдері болып табылады.

Бірақ ешкім де бұл сайлаудан сюрприз күтіп отырған жоқ. Сарапшылар да, электорат та қазіргі іс басындағы президент Эмомали Рахмонның бірінші турда-ақ жеңіске жететініне күмәнданбайды. Мәселе тек оның президент болғанын заңдастырып беруде ғана қалған сияқты. Барлық бұқаралық ақпарат құралдары осыны мәлімдеп жатыр.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар