Бұл туралы кеше журналистерге Облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті бастығының орынбасары Татьяна Горлова журналистерге айтып берді.
Сол оқушылардың 7 мектепке барып жүргендер және 13 мектептен тыс сабақ оқитындар. Бұлар Петропавл қаласы мектептерінде ғана емес облыс аудандарының мектептерінен табылған. Оқушылардың бойынан жаман індет ашық білінбеген, бәрінің де симптомдары жоқ. Тек жөтелгенге тұмауратып қалды ма деп дәрігерлерге көрсеткенде мамандар жаман індеттің бар-жоғын тексерткенде анықталған. Осы балалармен тығыз араласқан 109 адам тексеріліп, олардың бірде біреуінің бойынан жаман індет табылмаған.
Т.Горлованың айтуына қарағанда қазір бойынан індет табылған балалар оқшауланып, ем-дом қабылдауда. Олар оқитын мектептер де 7 тәулік карантинге жабылған. Сонымен бірге балабақшаға баратын бір бүлдіршіннің бойынан да жаман індеттің белгісі табылған. Бұл бөбек те қазір оқшауланып, тиісті ем-домдар жасалуда. Балабақшаның өзі карантинге жабылған. Тығыз араласқан адамдардың бәрі тексеріліп, олардың аман екендігі анықталған.
Осындайда алыпқашпа дақпырт жаман. Сенсация іздеуді қалайтын біреулер Солтүстік Қазақстанда балалар арасынан жаман індет табылып жатыр деп жалғанға жар салып жатыр. Маманның айтуына қарағанда ахуал шектен шыққан жоқ, бәрі де қалыпты жағдайда. Сондықтан оны жалаулата берудің қажеті жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысы